Байқауға жолдама алды

Әлеумет
05.03.2020, 13:11

«Ел іші – өнер кеніші» демекші, талай таланттарды тудырған Маңғыстау өңірінің теміржолшылары арасында да өнерлі жандар аз емес. Жуырда сондай сегіз қырлы, бір сырлы теміржолшы мамандардың өнерін тамашалап, таланттарына тамсандық.

Наурыз мерекесіне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Дара жол таланттары» байқауына Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде қазылар алқасының қатысуымен іріктеу өтті. Онда түбек теміржолының түрлі бағытында еңбек етіп жүрген біраз адам өнер көрсетіп, бақ сынады. Олардың арасынан Бейнеу станциясынан Жандаулет Қилыбаев, Маңғыстау машинисі Қайсар Азаматов, Маңғыстау станциясы еңбек қорғау инженері Айгүл Аяпова, жетібайлық жол монтеры Бауыржан Тәжіков, Бейнеу станциясынан белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Мұрат Жаулыбаев, Өзен вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушы-жөндеушісі Азамат Ыбраев, Маңғыстау станциясынан Ержан Ниязқұлов, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінен Сұңғат Тәжиев, Ильясовтар отбасылық ансамблі және Өзен станциясынан Бердібек Мамутов, Бейнеуден Бексұлтан Икенов, Қайрат Қожанов үздік өнерлерімен ерекшеленіп, іріктеуден өтті. Олардың бірі өзінің шығармасын орындаса, енді басқалары ән айтып, күй шертіп, түрлі аспаптарда ойнады. Төрешілер шешімімен Ильясовтар ансамблі, Бексұлтан Икенов, Жандаулет Қилыбаев, Қайрат Қожанов, Бауыржан Тәжіков, Мұрат Жаулыбаев елордадағы өнер додасына жолдама алды.

− Осыған дейін өнерлі теміржолшылардың басын бүгінгідей қосқан емеспіз. Бүгін көріп сүйсініп отырмыз. Олар өз саласының ғана маманы емес, бір-бір өнердің иесі екен. Қазір сайыс барысында домбыра тартатын теміржолшылардың көп екенін байқап, болашақта неге домбырашылар ансамблін құрмасқа деген ой келді. Алдағы Наурыз мейрамдарына сол ойымызды іске асырамыз. Барлығына бірдей киім тіккізіп, Маңғыстау теміржолынан әдемі бір ансамбльдің тұсауын кесеміз, – деді Маңғыстау теміржолшылары кәсіподағының төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов. 

Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді