Қайырымды қарттарға жасайық...

Әлеумет
16.04.2020, 17:20
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Төтенше жағдай кезінде еріктілер жұмысы жандана түскені құптарлық жайт. Қиындыққа тап болған жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге асыққан жандар қатары көбейгені қуантады.

Қандыағаш станциясы, локомотив пайдалану депосы, вокзал, жолшылар, белгі берубайланыс, электрмен жабдықтау т.т. салалық мекемелер арасынан жиырмаға жуық жас іріктеліп шығып, еріктілер тобын құрған. Олар мүмкіндігінше қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастыруда. Теміржолшы жастар бұл жолы депо жұмысшыларына, машинистерге елде тараған індеттің алдын алу мақсатында бетперделер таратты және үйден шыға алмай қалған бірнеше қарт кісіге азық-түлік жеткізіп берді.

«Әр бөлімшеден құралған ерікті жастар өз қалталарынан ақша жинады. Жеке тігін шеберханасына бетпердеге тапсырыс бердік. Деподағы әріптестеріміздің жұмысы тоқтаусыз. Бетперде үнемі керек. Олар біздің сыйлығымызға қуанып, алғыстарын жаудырды. Бүгінгі күні бір жапырақ шүберектен тігілген бетперде бағалы сыйлыққа айналды. Бетпердеге қажеттілік әлі де өзекті болатынын түсінеміз. Сондықтан ендігі жерде мата сатып алып, оны өзіміз тігуді жолға қоймақпыз», – дейді жас теміржолшы Жазира Әуесова.

Кеше жастар станцияда еңбек еткен зейнеткер Нина Матрахованың шаңырағына барды. Қария екі аяғынан жүре алмай қалған. Үйге қажетті тұрмыстық заттар және азық-түлік алып келген ерікті жастарға алғыстан басқа айтары жоқ. Жас теміржолшылар «Қайырымды қарттарға жасайық!» деген ұранмен бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастырмақ.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды