Жақсылық эстафетасы жалғасуда

Әлеумет
21.04.2020, 12:35
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаулық теміржолшылар «Жақсылық жасап жарысайық!» ұранымен қайырымдылық эстафетасын жалғастыруда. Өткен аптада эстафетаны Болашақ станциясындағы «Профитол» ЖШС жалғастырып, олар Болашақ станциясына табыстаған еді.

Станция ұжымы игі істі әрі қарай жалғастырып, әлеуметтік осал топқа жататын, денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз, асыраушысы жоқ, күнкөріс деңгейі төмен төрт жанұяға азық түлікпен көмектесті. Ұн, май, күріш, макарон, қант сияқты күнделікті тұтынатын ең қажетті өнімдерді жеткізіп берді.

− Бұл шара елімізде болып жатқан қазіргі кезеңге байланысты әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға аз болса да көмек болып тұр. Көп болып сондай отбасыларға көмек қолын созу – біздің азаматық парызымыз. Станциямызда жұмыстан шығып қалған немесе мүлде жұмыссыз, күнкөрісі қиын азаматтар жоқ. Барлығы жұмыста. Бір ғана жалғызбасты ана болатын, оған бізге эстафетаны жолдаушылар көмектесті. Сондықтан біз Жаңаөзен қаласынан төрт отбасыны таңдап алып, тиісті көмегімізді жасадық. Мұндай іс шаралар мұнымен тоқтап қалмайды. Енді тек теміржолшылар емес, Болашақ елдімекенінің тұрғындары бірігіп осындай игі істі ұйымдастыру ниетіміз бар, – дейді станцияның бас инженері Ғани Қуанышов.

Болашақ станциясы ұжымынан эстафетаны фейсбук желісі арқылы Болашақтағы ПЧ-8 телімінің басшысы Арман Қалилаев пен Өзен станциясының бастығы Самат Сәриев қабылдап алды. 

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл