Қайырымдылық эстафетасы - Өзенде

Әлеумет
30.04.2020, 12:29
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Өзен станциясының ұжымы өткен аптада қабылдаған «Жақсылық жасап жарысайық!» ізгілік эстафетасын жалғастырды.

Станция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында тұратын жағдайы төмен отбасыларға азық түлікпен көмектесті.

«Көп түкірсе – көл» демей ме, станция қызметкерлері бірігіп төтенше жағдайға байланысты табысынан айрылып, тарыққан отбасыларға қолдан келгенше көмектесу ниетінде қаражат жинадық. Бірнеше отбасын қажет тамақтармен қамтамасыз еттік. Бұл да Рамазан айына байланысты жасалған сауапты істің бірі. Еліміздегі қазіргі қысылтаяң шақтан осылай бірігудің, белгіленген тәртіпті сақтаудың арқасында шығамыз, – дейді бұл туралы ақпарат берген Өзен станциясы бастығының орынбасары Самал Зулпыхаров.

Оның айтуынша, өзендіктер қазіргі жағдай кезінде өзгелерге көмек қолын созып қана қоймай, төтенше жағдайдың ережесіне қатаң амал қылып, жергілікті әкімдікпен бірлесе біраз іс шараларды атқаруда екен.

Станцияда қашықтықтан оқыту жұмыстары жүруде, техникалық сабақтар онлайн түрде өтуде. Күнделікті таңертеңгі және кешкі жоспарлау жиындарында қызметкерлердің бетперделері, антисептиктері, қолғаптарының болуы басшылықтың қатаң қадағалауында екен. Жұмысшыларға антисептик, маска, тағы басқа гигиеналық құралдары Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінен жеткізілуде.

− Бүгінде станцияның жұмысы бірқалыпты. Теміржолшыларымыз атышулы індеттен аман. Cтанция ұжымы төтенше жағдайға байланысты қалалық әкімдікпен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасауда. Беймезгіл кезде, жұмыстан тыс уақыттарда адамдардың теміржолда болмауын бірлесе қадағалаудамыз, – дейді Самал Зулпыхаров. 

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл