Жеңісті жақындатқан аналар

Әлеумет
12.05.2020, 14:51
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккелеріне Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында ақшалай сыйлық, тұрмыстық бұйымдар және азық-түлік себеттері берілді. Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің басшысы Бөріхан Беркімбаев ардагерлерге «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басқарма басшысы Қайрат Сәуірбаевтың лебізі жазылған құттықтауды табыс етті.

 «Сізді Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіз. Сіздің соғыс жылдары көрсеткен қаһармандығыңыз бен ерлік істеріңізге шын жүректен алғысымызды айтамын. Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, бақыт пен барша жақсылықтарды тілеймін», – деген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басқарма басшысы Қайрат Сәуірбаевтың құттықтау хатында.

Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы жолданған сәлемдемені алған ардагерлер қатарында екі бірдей Ұлы Отан соғысының ардагері мен тыл еңбеккерлері бар. «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Белоруссияны азат еткені үшін», «Жуков» медалдарын омырауына таққан Прихно Анастасия Ананьевна мен Ұлы Отан соғысының ардагері Клишина Антонина Евдокимовна ізбасарларының құттықтауын ықыласпен қабылдады.

«Сіздердің көзсіз батырлықтарыңыз бен жанқияр еңбектеріңіздің арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткіздік. Туған жердің еркіндігі үшін жанын пида еткен абзал жандардың есімі мәңгі ел есінде қалады. Соғыстан кейін де сіздер өз күш-жігерлеріңізді ел экономикасының күретамырры теміржол саласын көтеруге жұмсадыңыздар. Ел дамуына қосқан үлестеріңіз ұрпаққа үлгі. Өмір жолдарыңыз – сабақ. Жүз жасаңыздар!», – деп тілек білдірді Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің басшысы Бөріхан Беркімбаев.

Жеңісті жақындатқан тыл ардагерінің бірі – Дәметкен Әлмұратова. Қазір 96 жастан асқан еңбек ардагері әлі де тың. Соғыс басталғанда 7 сыныпта оқитын 17 жастағы өрімдей қыз ерте еңбекке араласқан. Соғысқа кеткен әкесінің орнында жол бұрушы болып, Шалқар ауданы Тобылғысай разъезінде жұмыс істеген.

«Оқуды тастап, әлім келгенше тынбай жұмыс істедім. 1943 жылдың қаңтарында Қазалыда техникалық мектепте кезекшілік мамандықты бес ай оқып келіп, станцияға жұмысқа кірдім. 1974 жылға дейін Тобылғысай разъезінде еңбек еттім. Отбасын құрдым, балашағалы болдым. 50 жасымда алты баламен зейнетке шықтым. Міне, қанша жылдан бері бейнеттің зейнетін көріп отырмын. Шүкіршілік, бәріне алғысым шексіз», – дейді ардагер Дәметкен Әлмұратова.

Алты бала өсіріп, олардан тараған 14 немере, 26 шөберенің қызығын көріп отырған кейуананың ұрпақтары да теміржол саласында еңбек етіп жүр.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды