«COVID, тоқтат!»: сурет салып, сыйлық алады

Әлеумет
02.06.2020, 14:17
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ақтөбелік теміржолшылардың балалары сурет салудан жарысты бастады. 8 және 12 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған байқау онлайн өтеді.

Байқауды Ақтөбе жүк тасымалы және магист-ральдық желі бөлімшесінің кәсіподақ комитеті ұйымдастырып жатыр. Өңірдегі теміржолшылардың сурет өнеріне бейім балалары онлайн түрде жарысқа қатысады.

«Балалар мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан сайысқа 8-12 жас аралығындағы балалар қатысады. Негізінен патриоттық тақырыпқа көңіл бөлініп отыр. Сол үшін де бүлдіршіндерге «Менің Отаным – Қазақстан» және «COVID, тоқтат!» тақырыптары берілді. Бала қиялы ерекше көрінген суреттер оншақты күнде іріктеліп, үздіктер марапатталатын болады. Карантин жағдайына байланысты балаларды жинай алмадық. Сол үшін де байқау онлайн түрде өтеді», – дейді кәсіподақ ұйымының төрағасы Самат Әлиев.

Баланың көңілін өнермен, біліммен аулау көкейкесті болып тұр.

Туындыда бейнелеу өнерінің кез келген техникасын: көркем сурет, графика, аппликация, коллаж пайдалануға болады.

Қиялы ұшқыр, қаламы жүйрік балапандар бағалы сыйлықпен марапатталады. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды