Шынайы қамқорлық осындай болсын...

Әлеумет
05.06.2020, 11:44
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш станциясында теміржол мекемелерінің басшылары «Nur Otan» партиясының «Халыққа көмек» жобасымен атаанасының қамқорлығынсыз қалған жастардың жағдайларымен танысып, қайырымдылық көмек көрсетті.

Мемлекет тарапынан ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға әлеуметтік көмек көрсету жобасы аз емес. Елімізде игілікті іс жасап жүрген жандар да күн санап артып келеді.

Қандыағаш жол дистанциясы және Қандыағаш электрмен жабдықтау ауданы бөлімшесі – ылғи да осындай қайырымды шаралардың басы-қасынан табылатын ұжымдардың бірі. Теміржол мекемелері бұл жолы ата-ана қамқорлығынсыз қалған жас мамандарға жұмыс ұсынды.

– Ұлтымыздың кемел келешегі – жас ұрпақтың қолында. Мүмкіндігімізше, оларға барлық адами қасиетті бере білуіміз керек. Әр маман жауапкершілік пен мейірімділікті ерте сезінсе, болашақ соншалықты құнды. Бізде тәжірибеден өткен жас маманның ата-ана қамқорлығынсыз қалғанын ескеріп, жолшы етіп жұмысқа қабылдап жатырмыз. Жауапкершілігіне қарай болашақта өсіп, оқып жатса, тек қолдау танытамыз, – дейді Қандыағаш жол дистанциясы бастығы Ербол Сәулебеков.

Жол дистанциясына қабылданған маман оқуды жаңа бітірген. Басшылық оны жұмысқа алу кезінде әлеуметтік жағдайы ескерілгенін айтады. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған тағы бір жас маман күні кеше Қандыағаш электрмен жабдықтау бөлімшесіне жұмысқа орналасыпты.

Жас маман Нұрболаттың үлкен жүректі ағаларына алғысы шексіз. Ол тағдыр тәлкегіне ұшырап, балдай тәтті балалық шағында ауыр мұң арқалады.

Жанары жасты, жүрегі жүдеу болып өссе де қайыспай, білім алуға ұмтылды. Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінен теміржолшы мамандығын алған ол Ембі теміржолында тәжірибеден өткен. Жас маман «Nur Otan» партиясы атынан берілген баспанада тұрады.

«Маған көмек көрсеткен ағаларға алғысым шексіз. Жақсы ұжымға тап келген бақытым шығар, сенімді ақтағым келеді. Берілген жауапкершілікті сезініп, білікті теміржолшы болуды мақсат етемін», – дейді ол.

Бәрекелді, шынайы қамқорлық осындай-ақ болсын! Жалпы, теміржол мекемелерінің қай-қайсысы болсын, қайырымдылық шараларынан тыс қалған емес.

Қандыағаш жол дистанциясы өткен жылы жетім балалардың есепшотына қаржы аударды.

Бірінші топ мүгедегінің баспанасына жөндеу жұмысын жүргізді. Ақтөбедегі су тасқыны кезінде далада қалған отбасыға баспана тұрғызып бергені де ел есінде. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды