Ақтөбеге қоныс аударған диспетчерлердің жағдайы қалай

Әлеумет
27.10.2020, 12:32
Оқуға 3 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның трансформациялау жобасы шеңберінде Ақтөбеге қоныс аударған диспетчерлердің жағдайы қалай? Тасымалдау процесін автоматтандыру аясында ұйымдастырылған батыс аймағындағы теміржолшылар көші көлікті болды ма? Құтты көштің кейіпкерлерін әңгімеге тартқан едік. 

Диспетчер Данияр Ержанов – Ақтөбеге арман қуып келген маманның бірі. Компания теміржолшыны жұбайы, бала-шағасымен қоса, анасын да Ақтөбеге көшіріп алып келген. Ол еңбек жолын Мақат станциясында вагон қозғалысын реттеуші болып бастаған. Кейін дөңес кезекшісі, дөңес алды парк кезекшісі, станция кезекшісі, ал 2015 жылдан бастап Атырау қаласында пойыз диспетчері болды. Атыраудағы соңғы жылдары бөлім кезекшісі қызметін атқарған маман тарихи жобаға қатысып отырғанына бек қуанышты. 

«Жақсы орналастық. Бұл жақтағы әріптестеріміз күтіп алып, барлық көмекті көрсетті. Қызмет тарапынан баспана ақысы да төленіп отырғаннан кейін алаңсыз жұмысқа кірісіп кеттік. Пәтеріміз де жұмыстың қасында. Енді ақтөбелік теміржолшылардың қатарындамыз, жалпы байтақ еліміздің қай жері болсын жаттығы жоқ, өз отанымыз», – дейді Данияр Ержанов.

Мекеме тарапынан беріліп отырған 25 АЕК көлеміндегі өтемақыға пәтер жалдап отыр. Үш баланың әкесі анасының да жанында болғанына қуанышты.

Ал он жылға жуық еңбек өтілі бар Аралбек те Ақтөбеге Оралдан қоныс аударған диспетчерлердің бірі. Әйелі де теміржолшы, қазір екеуі де бір бөлімде жұмыс жасайды. Үш жылдан аса пойыз диспетчері болып жүрген теміржолшы жауапты мамандардың бірі.

«Қазақстанның барлық жері өз отанымыз. Дегенмен, жаңа жерде жаңа өмір, жаңа таныстар, жаңа тәжірибелер басталды. Өзімнің жұмысым болғаннан кейін еш өкініш жоқ, қайта қуана-қуана келістім. Керісінше, цифрлы технология мүмкіндіктеріне қол жеткіздік. 

Пойыздарды басқару жеңілдеп, байланыс нығая түсті. Пойыздың қай жақтан келетінін алдын ала білесің. Енді пойыз қозғалысының қауіпсіздігі де арта түсетініне сенімдіміз», – дейді Оралдан келген Аралбек Бектұрғанов. 

Батыс аймақта осыған дейін Орал, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда өңірлерін қосқанда 30 диспетчерлік айналым болды. Қазір 24 айналым. Жоба аясында алтауы ықшамдалған. 

«Бұрын бес облыстың әр бөлімшесі өз көрсеткіштері үшін жұмыс жасады. Қазір батыс аймағында шекара жоқ. Вагон, тепловоз жетпей жатқан бөлімшелерге бір жерден бақылау арқылы қарап, уақытында жіберіп отырамыз. Бұл жерде жұмыс жүйеленіп, жылдамдық арта түседі», – дейді «Пойыздар қозғалысын басқару орталығының» басшысы Амантай Жайлығұлов. 

Бүгінгі таңда барлық аймақтың диспетчерлері толық жиналып, жаңа жерде жұмыстарын бастаған. Оларға үйде де, түзде де барлық қолайлы жағдай жасалуын ҚТЖ басшылығы тікелей назарда ұстап бақылап отыр. Бір шаңырақтың астында бір ұжым болып жұмыла еңбек етіп жатқан бірнеше аймақ диспетчерлері көңілі тоқ, жұмыс қызық, басшылықтың қамқорлық-көмегіне ризашылықтарын жеткізді. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды