Теміржолшылар спорттық сайыстарға белсене қатысуда

Спорт
26.03.2025, 16:29
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Көктем келісімен Маңғыстау теміржолында спорттық іс-шаралар жандана түсті. Түбектік теміржолшылар да құдды бір қыстық ұйқысынан қайта оянғандай  қыс бойы жинаған күшін сынға салып ұйымдастырылған спорттық сайыстың барлығына жоғары белсенділікпен, көтеріңкі көңіл күймен қатысып жатыр.  

Түбек теміржолындағы көктемгі спорттық жарыстар наурыз айы туған алғашқы күннен бастады. Алғыс айту күніне орай Бейнеу теміржолында қол күресінен сайыс өтті. Оған сексен келіге дейінгі және онан үлкен салмақтағы бейнеулік теміржолшылар қатысты.

Қорытынды есепте жеңіл салмақтағы қатысушылар арасынан бірінші орын Қуаныш Сабыров, екінші орын Тұрарбек Өтепов, үшінші орын Әсет Есенғұловқа бұйырды. Яғни бұл сайыста бабы келісіп, бағы жанған «локомотившілердің» алдына ешкім түсе алмады. Үш жігіт те локомотив депосында еңбек етеді.  

+80 келі салмақта бірінші орынды вагон қараушы Нұржігіт Мәліков, екінші орынды жол дистанциясынан Бекболат Дүйсенов, үшінші орынды деподан Бақытжан Ходжамуратов жеңді.

Аталған жарыста Бейнеудегі теміржол мекемелерінен локомотив депосының, Бейнеу станциясының, қалпына келтіру пойызының, ТҚКП, жол дистанциясының жұмысшылары бақ сынасқан болатын.  

Келесі спорттық іс-шара Маңғыстау станциясында ұйымдастырылды. Бұл жолы волейболдан шеберлігін көрсетуге түбек теміржолында еңбек ететін ер азаматтардан құралған алты команда келді. Алтаудың арасынан асығы алшысынан түскен Маңғыстау локомотив депосының жігіттері болды. Депо жұмысшылары біріншілікті ешкімге бермесе, екінші орынды Бейнеу құрамасы иеленді. Үшінші орын Маңғыстау магистральды желі бөлімшесінің командасына бұйырды.  

Спорттық ойындар Болашақ станциясында да жалғасты. 

Ауылдағы теміржол мекемелерінің қызметкерлері де волейболдан жарысты. Нәтижесінде алты мекемеден келген қатысушылар ішінен озық шыққан Болашақ станциясы ұжымы бірінші, байланыс және белгі беру дистанциясының командасы екінші, өрт сөндіру пойызының өрт сөндірушілер тобы үшінші орындарды еншіледі. Жақсы ойын көрсеткендер арнайы номинациялармен марапатталды. Жандос Абдуллаев «Үздік ойыншы», Атағозы Сатмағамбетов «Үздік шабуылшы», Рахмет Башбалев «Үздік байланыстырушы»,  Фаррух Мырзалиев «Үздік қорғаушы» атанды.

Сайыстар сала кәсіподағының қолдауы және түбек теміржолшыларының спорттық нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова, Бейнеудегі спорт нұсқаушы Бекзат Нұрәлиевтің ұйымдастыруымен өтті.  

Жеңімпаздарды спорттық ойындарға қатысып, жарыстың шымылдығын түріп берген Орталық теміржолшылар кәсіби одағының өңірдегі өкілі Сәрсенбай Есенқұлов құттықтап, ақшалай сыйлық және диплом, кубоктарын тапсырды.  

Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды