«Болашақ» мұнай өңдеу зауыты Қарабатан станциясындағы тіршілікті жандандырды

Станция тынысы
21.12.2021, 11:08
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазіргі Карабатан станциясы бұрын бес-ақ адам жұмыс жасаған шағын ғана разъезд болатын. Сол маңнан Қашаған кен орнынан келген мұнайды өңдейтін «Болашақ» зауытының ашылуымен Қарабатанның бағы жанды. Ауқымды реконструкциялаудан өткен станция қайта түледі. Каспий теңізі қайраңының қазақстандық бөлігін игеру жобасының бірі болып табылатын зауыт қуаты оны пайдалануға бергеннен кейін тәулігіне 450 мың баррель немесе жылына 22,5 миллион тонна мұнайға жетеді. Мұнда мұнайды судан айыру және тұрақтандыру, меркаптаннан тазарту, тәжірибелік-өндірістік өңдеу кезінде сақтау және экспорттау жұмыстары жүргізіледі. Қуаты жылына 6,2 миллиард текше метр газ өңдеу жүйесі мұнайды күкірттен айыру, сығымдалған газды тауарлы деңгейге дейін даярлау жұмыстарына есептелген. Зауыт құрылысы басталған сәттен бастап-ақ Қарабатан станциясының атқарар жүгі артты. Зауыт құрылысымен 20500 адам айналысып, 56 000 тонна металл құрастырмалар, шикі және тауарлы мұнайды, сондай-ақ газды сақтайтын резервуарлардың 7 700 тонна құрыш құрастырмалары монтаждалды. Бұдан басқа әкімшілік ғимарат, жатақхана, асхана, т.б. көптеген нысандар салынды. Соған қажетті материалдың бәрі пойыз арқылы тасымалданып, станцияға жеткізілді. Ал 2013 жылы зауыт ашылғаннан кейін Қарабатан станциясының әлеуеті бұрынғыдан да арта түсті. Зауыт толық қуатымен жұмысын бастаған шақта станция арқылы алыс шет елдерге күкірт вагондар арқылы тасымалдана бастады. Онда күні бүгінге дейін Кавказ, Ресей теміржолдары арқылы жөнелтілуде. Қазіргі уақытта станциядан күніне 60 вагон күкірт тиеліп, жөнелтіледі. Мұнай-химиялық заттарды өңдейтін екінші зауыт ашылып, Карабатан станциясынан оған күніне 30 вагон жүк түсірілуде. Станцияда қазіргі уақытта 11 жол торабы бар және «Болашақтағы» 2 зауыттың әрқайсысына жол тартылған. Вагондар уақытылы беріліп, жұмыстың тоқтаусыз жүруіне теміржолшылар да мүдделі. Айлық жоспар толық орындалып, жұмыс пандемия кезінде де тоқтамаған. Бүгінгі таңда 3-ші класты станция тек өндірістік бекет болып саналады, тұрғындары 2018-2019 жылдары түгелдей Атырау қаласына көшірілді.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті