Магистральдық желіні дамыту бағдарламасынан не күтеміз?

Трансформация
14.07.2026, 09:31
Оқуға 5 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023-2029 жылдарға арналған Магистральдық теміржол желісі объектілерін дамыту бағдарламасын басшылыққа алып жұмыс жүргізуде. Бағдарлама Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттары негізінде әзірленіп, ірі инфрақұрылымдық және «тар жерлерді» жоюға бағытталған жобаларды жүзеге асыру арқылы телімдердің өткізу қабілетін арттыруды көздейді.

Бағдарлама салалық мақсатты жобаларға бөлініп, теміржол шаруашылығының барлық бағыттарын қамтуда. Ең басым бағыт, әрине телімнің өткізу қабілетін арттыру болып табылады. Жолдың өткізу қабілетін арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар қатарында Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы аяқталса, Алматы теміржол торабының айналма желісі пайдалануға берілді. Мұнымен қатар Жезқазған – Қызылжар учаскесінде 4 жаңа разъезд салынып, Қызылжар станциясын дамыту жұмыстары аяқталып, 4 жаңа жол төселіп және 1 жол ұзартылған. Сондай-ақ Ақсу-1 станциясын дамыту және Өндіріс станциясында 1 жол салу есебінен қайта өңдеу қабілеті арттырылған.  

Қазіргі уақытта магистральдық желінің өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған келесі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, 173 шақырымдық Дарбаза – Мақтаарал, 366 шақырымдық Қызылжар – Мойынты және 297 шақырымдық Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылыстары жүргізілуде. Бағдарлама шеңберінде 293 шақырымдық жол бойында Алтынкөл – Жетіген учаскесін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатса, Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскесінде қабылдау-жөнелту жолдарын дамыту жүзеге асырылуда. Ал жалпы ұзындығы 2267 км жолды құрайтын көлемде Қандыағаш – Тобыл, Ақсу – Жаңа-Семей, Әлімбет – Никельтау, Қызылжар – Сексеуіл, Шалқар – Бейнеу учаскелерінде автобұғаттау жүйелері енгізілуде.  

Дирекция мамандары алға тартқан мәліметке сүйенсек, Қызылжар – Жезқазған учаскесіндегі «тар жердің» жойылуы нәтижесінде, телімнің өткізу қабілеті тәулігіне 8 жұп пойыздан 17 жұп пойызға дейін артпақ. Сонымен қатар 11 станцияда 21 жол, атап айтқанда, Түрксіб – 3 жол, Шу, Шығанақ – 3 жол, Үшқұлын – 2 жол, Екібастұз-3 – 2 жол, Балқаш – 3 жол, Құлсары – 2 жол, Макинка, Пресногорьковская, Атбасар, Шілбастау – 2 жол қалпына келтірілген. Ал Тобыл және Өскемен станцияларында шаруашылық тәсілмен 2 съезд салынған.  

Жол жөндеу жұмыстары бойынша өндірістік бағдарламаның толық орындалуы да инфрақұрылымның жағдайын айтарлықтай жақсартқан. Мәселен, жоспарланған 1 480 шақырымның орнына нақты 1 575 км жөнделіп, жоспар 106%-ға орындалған. Ал Жайық – Пойма учаскесінде ұзындығы 728 метр болатын көпірге күрделі жөндеу жүргізіліп жатса, Астана және Ақтөбе өңірлерінде құрылған мамандандырылған көпір отрядтарының арқасында 100 инженерлік жасанды құрылыста жөндеу жұмыстары шаруашылық тәсілмен орындалған.  

Тек жол шаруашылығы емес, Дирекцияның өзге де шаруашылықтарында жаңғырту жұмыстары қарқын алған. Айталық, электрмен жабдықтау шаруашылығы бойынша 12 187 км байланыс желісі жаңғыртылып, 60 тірек, 12 570 оқшаулағыш ауыстырылса, 28 шақырымдық ПБСМ сымы тартылған. Бұдан бөлек 8 730 км әуе электр желісіне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, 739 тірек ауыстырылып және 64 км СИП сымы төселген. Сондай-ақ 65 тартқыш қосалқы станцияда жөндеу жүргізілді, оның ішінде 167 тартқыш трансформатор, 182 ток трансформаторы және 253 кернеу трансформаторы жөнделген.

ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР  

Ұлттық компания пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өндіріске цифрлық жүйелердің дендеп енуіне үлкен мән беріп отыр. Осы орайда, Мойынты – Балқаш, Бескөл – Достық, Бескөл – Разъезд-2 учаскелерінде орталықтандыру және автобұғаттау жүйелерімен біріктірілген микропроцессорлық орталықтандыру (МПО) құрылғылары іске қосылған. Бұл өз кезегінде пойыз қозғалысын басқарудың қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыра түскен.  

Сонымен қатар 10 станцияда пойыздарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін құрылғылар салынса, электр орталықтандыру жүйесінің қоректендіру жабдықтары жаңартылып, 31 қоректендіру панелі мен 39 дизель-генератор агрегаты ауыстырылған, сондай-ақ, 19 станцияда маневрлік аудандар мен дөңестерге арналған МП АСДЦ жүйесі енгізілген.  

Сұрыптау жүйелерін дамыту бағдарламасы да инфрақұрылымды дамыту бағытындағы негізгі міндеттердің бірінен болып отыр. Осы бағытта да біраз жұмыстың басы қайырылғанын көруге болады. Мәселен, бүгінде Қарағанды – Сұрыптау станциясының жұп дөңесін жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге келісімшарт жасалса, Қарағанды – Сұрыптау станциясының тақ дөңесі мен Ақтоғай станциясының дөңесін жаңғыртуға арналған техникалық тапсырмалар әзірленген.  

АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ЖАЛҒАСАДЫ  

Магистральдық желі дирекциясының мамандары инфрақұрылымды дамыту және телімдердің өткізу қабілетін арттыру жұмыстары биыл да жалғасын табатынын, соның ішінде Бейнеу – Маңғыстау учаскесіндегі қабылдау-жөнелту жолдарын дамыту және Қандыағаш – Тобыл, Ақсу – Жаңа-Семей, Әлімбет – Никельтау, Қызылжар – Сексеуіл, Шалқар – Бейнеу учаскелерінде автобұғаттау жүйелерін енгізу іс-шаралары жүзеге асатынын айтады. Ал станциялық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында осы жылы 65 жаңа бөлек пункт салу; 26 қолданыстағы станция мен шағын қуатты 2 сұрыптау жүйесін дамыту, Қандыағаш және Никельтау станцияларында айналма жолдар салу; 45 станцияда 24 жобаны іске асыруды бастау, оның ішінде станциялық жолдарды ұзарту, диспетчерлік съездер салу және сұрыптау жүйелерін қалпына келтіру; Қарағай, Пресногорьковская, Макинка, Көкшетау, Тоқыбай және Орал станцияларында 10 жолды қалпына келтіру жұмыстары қарастырылған.  

Шаруашылықтар бойынша жөндеу және техникалық қызмет көрсету бағытында 1 577 км теміржолға жөндеу жұмыстарын, оның ішінде 566 км жолға күрделі жөндеу жүргізу қарастырылса, мамандандырылған көпір отрядтарының күшімен биыл 140 нысан жөндеуден өтпек. Сонымен қатар 12 187 км байланыс желісіне және 12 198 км әуе желісіне ағымдық жөндеу жүргізу; тіректерді, сымдарды, оқшаулағыштар мен қысқыштарды ауыстыру; сондай-ақ 173 тартқыш, 408 ток және 260 кернеу трансформаторларын жөндеу іс-шаралары жоспарланған. Сондай-ақ биыл Қарағанды – Сұрыптау станциясының жұп және тақ дөңестеріндегі сұрыптау жүйелерінің құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау межеленіп отыр.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды