«ҚТЖ» ҰК» АҚ конструкторлық-тәжірибелік орталығында 100-ден астам позиция бойынша теміржол өнімдері әзірленді

Трансформация
10.01.2019, 11:16

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің Конструкторлық-тәжірибелік орталығы 2018 жылы шығаратын өнім тізімін 82- ден 109 позицияға кеңейтті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.  

Кәсіпорын «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері филиалдарының тапсырысы бойынша теміржол көлігінің техникалық құралдарына қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтар, шағын механизация құралдарын, стандартты емес, технологиялық жабдықтарды және де сол бойынша техникалық құжаттарды әзірлейді. 

«КТО вагон тексерушілері үшін балғаларға, жолаушылар вагондарының шпинтондық тегірін шешіп алу үшін бұру кілттеріне және вагон арбашығының табандықпен тежеу аспасы үшін білікшеге тапсырыс беруге болады. Бізде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету фитингтік теміржол платформаларында ірітонналық контейнерлермен тасымалдаудың сақталуына қажетті әмбебап фитингтік тіреу жасалады», деді КТО басшысы Мұхаметқали Елешев. 

КТО жаңғырту құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді шығару және жөндеу тізімін кеңейтуге мүмкіндік берді. Өндірістік учаскілер қосымша станоктық құрал-жабдықтармен күшейтілді. Сонымен қатар, ұстахана бөлімшесі мен дәнекерлеу учаскесі пайдалануға берілді. 

КТО мамандары өнертапқыштық ұсыныстарға сараптама жүргізу, теміржол көлігі техникалық құралдарын пайдалану тәжірибесіне қатысып, соның негізінде техникалық құжаттарды әзірлеу мен тәжірибелік үлгілерін жасап, «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің дәнекерлеушілерін аттестациядан өткізеді. 

М.Елешев атап кеткендей, болашақта дәнекерлеуші, шылбырлаушы және өзге де мамандықтар бойынша мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі техникалық сынып ашу көзделген. 

Бұдан басқа, КТО ұжымы тәжірибелік нұсқалар мен металөнімдерінің мәлімделген өлшемдерге сәйкестігін тексеруді, сыналатын жабдықты саралау мен тексеруді ұйымдастыруды және сериялық өнімдерді шығару үшін атаулар тізбесін кеңейтуді жоспарлауда. 

«Ары қарай да даму үшін Конструкторлық-тәжірибелік орталық перспективаларға және үлкен әлеуетке ие. Орталық қызметкерлері кез келген конструкторлық және күрделі міндеттерді атқаруға дайын», деп атап көрсетті М.Елешев. 

Жаңалықтар
05.07.2024
ҚТЖ жеке кассада билеттерді заңсыз қайта сату фактілерін анықтады
Темір жол тарихы
05.07.2024
Мұхаметжан Тынышпаевтың 145 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасуда
Әлеумет
05.07.2024
Теміржолшылардың балалары елордаға саяхаттады
Жаңалықтар
05.07.2024
«ҚТЖ-100 жас есім»: үшінші кезеңге іріктеу басталды
Жаңалықтар
05.07.2024
Биыл 5,6 мыңнан астам жүк вагоны жөндеуден өтті
Аймақтар
05.07.2024
Ауыр техникалар жұмысты жеңілдетуде
Аймақтар
05.07.2024
Ерлікке тең ерен еңбек иелері
Жүк тасымалы
05.07.2024
Қазақстан – Қытай іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтті
Жаңалықтар
05.07.2024
Атырауда жүк вагондарын шығаратын зауыт ашылды
Жаңалықтар
05.07.2024
ШЫҰ саммитінде ТХКБ-ны дамыту құжатына қол қойылды
Жаңалықтар / Мұрағат
05.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №56 05 шілде 2024 жыл
Жаңалықтар
04.07.2024
ҚТЖ мен Қытай көлік министрлігі басшылығы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
ҚТЖ келбеті
04.07.2024
Қырағы вагон қараушы
Инфрақұрылым
04.07.2024
110 жыл бұрын қаланған станцияда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтар
04.07.2024
Сұйытылған газ тасымалы ерекше бақылауда
Жаңалықтар
03.07.2024
Си Цзиньпин: Транскаспий дәлізі үшінші трансшекаралық темір жол құрылысын жеделдетеміз
Жаңалықтар
03.07.2024
ТХКБ Еуразия құрлығындағы көлік-логистика қатынастарын дамытуға тың серпін береді – Тоқаев
Жаңалықтар
03.07.2024
Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий дәлізі бойынша теміржол контейнерлерін жөнелту телекөпіріне қатысты
Жаңалықтар
03.07.2024
ҚТЖ-ның «Жасыл істер марафоны» акциясына 1,5 мың қызметкер қатысты
Қауіпсіздік
03.07.2024
Өткелде мұқият болыңыз