Пойыз жайлы қызықты деректер

Әлемде
21.12.2022, 17:34

Адам баласы пойызды қолдана бастағанына бір ғасырдан асыпты. Осы аралықта шойын жолмен жүйіткитін отарба бірнеше рет түрленіп, дами түсті. Алғашқы паровоз машиналар қазір электр, тіптен сутегімен жүре бастады. Бір сөзбен айтқанда пойызды жетілдіру тоқтаған емес. Бүгін сіздерге осы темір жол бойында болып тұратын қызықты деректер жайлы айтқымыз келеді.

Тілдік кедергіге байланысты болған апат

Пойыз апаты күнде бола бермейді. Бізде пойыз апаты техникалық ақауларға байланысты орын алуы мүмкін деген түсінік қалыптасқан. Десе де, жол кез келген қателікті кешірмейді. Адамдардың салғырттығынан болған кішкентай мәселенің арты үлкен апатқа әкеліп жатады. Сондай жағдай 2001 жылы Бельгияда орын алды. Тілдік кедергінің салдарынан екі пойыз бетпе-бет соғылып, сегіз адам қаза тапты, оның ішінде машинистер де бар.  

Басқа пойыз апаттарынан бұның ерекшелігі сол, тілдік кедергінің, яғни диспетчерлердің өкінішке қарай бірін-бірі түсінбегендігі болды. Бірінші пойыздың машинисті бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан станциядан шыққан сәтте диспетчер келесі станцияға ескерту үшін  хабарласқан. Алайда екі диспетчер бірін-бірі түсінбеген. Өйткені біреуі французша сөйлесе, екіншісі нидерланд тілінде жауап қатқан. Бұл екі тіл де Бельгияда мемлекеттік тіл болып саналады. Теміржол компаниясындағы тәртіп бойынша жұмысшылар жоқ дегенде мемлекеттік тілдің бірін білуі керек екен. Біреуге күлкілі болуы мүмкін, алайда оның арты үлкен апатқа әкелді, мемлекетке келтірілген шығыннан бөлек адам шығыны болды. Мұндай тілге қатысты мәселе біздің елде де барын ұмытпау керек. Көпшілік әлі де мемлекеттік тілді игере алмай жатыр. Мамандар бірін-бірі түсінбесе мұндай жағдай бізде де орын алуы әбден мүмкін.  

Ешкімге бағынбай зымыраған пойыз

Ешкімге бағынбай, сағатына 76 шақырым жылдамдықпен жүйіткіп 100 км жол жүріп тастаған пойыз жайлы естуіңіз бар ма? 2001 жылдың 15 мамырында Огайо штатында теміржол бригадасы 47 вагоннан тұратын құрамды бір жолдан екіншісіне ауыстырып жатқан. Кенеттен техникалық қателіктің орын алуынан CSX 8888 пойызы өздігінен жүріп кетеді. Жалғыз саяхаттауға аттанған пойыздың жылдамдығы сағатына 76 шақырымға дейін жетеді. 100 шақырымдай жол жүріп тастаған пойызды машинистер тепловозбен қуып жетіп, әрең дегенде реостатикалық тежеу әдісімен тоқтатады.  

Екі пойызды соғыстырып шоу жасады

«Біреу тойып секірсе, біреу тоңып секіреді» дегендей адамдардың кейбір әрекеті дарақылыққа, астамшылыққа толы болып жатады. 1896 жылы америкалық теміржол компаниясы екі пойызды әдейілеп соғыстырып, көпшілік алдында шоу ұйымдастырады. Бұл шараға қатысуға 40 000 билет сатылған екен, одан түскен қаржыға көрермендер үшін арнайы қалашық тұрғызылады. Алайда, инженерлер жарылыстың ауқымы қандай болатынын дұрыс есептемеген, яғни халық айтарлықтай қауіпсіз жерде болмаған. Екі пойыздың соқтығысынан сол жердегі үш адам қаза тауып, тағы біразы жарақат алған.

 

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды