25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

АҚШ-та пойыздар рельстен неге жиі шығып кете береді?

Әлемде
14.11.2023, 12:07
Қазақстан теміржолшысы

Темір жолда ара-тұра түрлі оқиғалар мен апаттар орын алып тұратыны белгілі.  Бірақ олар бірден қоғамның назарына ілігеді. Мәселе оның ауқымдылығына да байланысты емес, кішкентай оқыс оқиғаның өзі халық арасына тез тарап кетеді. Өйткені пойыздарға қатысты оқиғалар азаматтарды үрейлендіреді, олардың пікірінше пойыз ең қауіпсіз қоғамдық көлік. Сондықтан да темір жол бойындағы оқыс оқиғалар халықты елең еткізеді.

Өкінішке орай, тіпті ең сенімді және уақытпен тексерілген көлік түрлері кейде осалдық танытады, соңғы уақытта теміржол апаттары жиілеп кеткені жасырын емес.

Темір жолдағы апат статистикасында алпауыт едер көш бастап тұрғаны сізді таңқалдыруы мүмкін. Замауи әрі озық техникамен қамтылған Америкада теміржол бойындағы оқыс оқиғалар көп тіркеледі екен.

АҚШ-тың Көлік статистикасы бюросының мәліметі бойынша, 1990-2022 жылдар аралығында Құрама Штаттарда 54 539 пойыз рельстен шығып кеткен, бұл жылына орта есеппен 1 704 оқиға. Сонымен қатар, мұндай оқиғалардан болатын өлім-жітім деңгейі төмен, әрине бұл жақсы жаңалық.

Бір қызығы, федералды деректерге сәйкес, 1970 жылдардың соңынан бастап пойыз апаттарының саны үш есеге дейін азайған. Тек 1978 жылы АҚШ-та 8 763 пойыз рельстен шығып, 41 адам қайтыс болыпты.

Бұған қарап америкалық теміржолдардағы апаттар басқа дамыған елдерге қарағанда біршама жиірек болатынын аңғаруға болады.

Пойыздардың рельстен шығып кету мәселесіне олар белгілі бір уақытқа дейін көз жұма қарап келді. Соның салдарынан вагондардың рельстен шығып кетуі жақында үлкен экологиялық апатқа әкеп соқтырды.  

2023 жылдың 3 ақпанында Огайо штатында улы химикаттар, соның ішінде винилхлорид, бутилакрилат, этилхексилакрилат, этиленгликоль, монобутил эфир, изобутилен және басқа да жанғыш сұйықтықтар мен бензол қоспаларын тасымалдайтын 150 вагондық Norfolk Southern» жүк пойызы рельстен шығып кетті.

Оқиға салдарынан сол маңдағы 4700 тұрғыны бар Ист-Палестина елдімекені қиын жағдайда қалды.  Улы химикаттар су, жер мен ауаға тарап үлкен экологиялық апатқа әкелді.

Пойыз рельстен шығып кеткен кезде бортта машинист, кондуктор және тағылымдамадан өтуші кондуктор болған.  Кейінірек белгілі болғандай рельстен шығып кету себебі механикалық ақаудан болған.

Сонымен, Америкада пойыздар неліктен рельстен жиі шығып кете береді деген мәселеге келсек. Сарапшылардың пікірінше, пойыздардың қатысуымен болатын апаттардың негізгі себептерінің бірі – америкалық теміржолдар және олармен байланысты барлық нәрсе жеке меншік қолында, бірыңғай орталықтандырылған басқару және қаржыландыру жоқ.

Дегенмен, мемлекет жолаушы тасымалының бір бөлігін бақылауында ұстап отыр екен. Оған қоса, адам көп жүретін танымал бағыттарға ғана ақша салады. Сол себепті көптеген теміржол бағыттары толық қуатында жұмыс істемегендіктен тоза бастаған және түйіндердің істен шығуы көбейген.

Қаржылық тұрғыдан алғанда, бәрі қисынды: неге көп ақша салып, пайда әкелмейтін теміржол торабының өміршеңдігін сақтау керек? Оны жөндеп шығынға батқан дұрыс па?

Шындығында, теміржол саласының көп бөлігі жеке корпорациялардың қолында, олар айтарлықтай табыс әкелмейтін салаға инвестиция салғысы келмейді. Жеке компаниялар барлығын үнемдейді: білікті жүргізушілер мен жолсеріктерге (олардың тапшылығы да бар), техникалық қызмет көрсету мен жөндеуде.

Міне, темір жол саласындағы үнемдеудің салдарынан рельстер тозып, пойыздар рельстен жиі шығып кете беретін болған. Дегенмен, 2023 жылдың ақпанында болған апаттан кейін ел үкіметі сабақ алып, өзге де теміржол желілеріне назар аударатын шығар.

 

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді