Францияның Страсбург қаласындағы вокзалда екі пойыз соқтығысты. Кем дегенде 30 жолаушы зардап шеккен, оның бесеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, пойыздардың бірі абайсызда басқа жолға шығып кетіп, екінші пойызға соғылған. Апаттың себебі белгілерді ауыстырудағы қатеден болуы мүмкін.

Туннель түтінге толып кеткендіктен пойыздардан жолаушылар дереу эвакуацияланған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция орталық вокзал арқылы пойыз қозғалысы барлық бағытта тоқтатылғанын растады. Қалалық өрт сөндіру және құтқару қызметі төтенше жағдайдың салдарын жою үшін «көптеген ресурстар» жұмылдырылғанын хабарлады.