Бейжіңдегі көрмеде 600 км/сағ жылдамдықпен жүретін пойыз таныстырылды

Әлемде
21.07.2025, 10:12

CRRC компаниясы Бейжіңде өткен MODERN RAILWAYS 2025 көрмесінде 600 км/сағ дейінгі жылдамдықпен жүретін маглев пойызын таныстырып, болашақтағы жоғары жылдамдықты тасымалдар үшін инновациялық шешімдерді көрсетті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шарада Қытайда тұңғыш рет электродинамикалық аспадағы пойыздың алдыңғы вагоны ұсынылды. Бұл вагон өткізгіштігі жоғары магниттер негізінде жасалған, оның құрылымы үйкелісті азайтып, жоғары жылдамдықта тұрақтылықты арттыруға бағытталған.

Өндірушінің мәліметі бойынша:

- вагонның ұзындығы – 29,355 метр

- ені – 3 метр,

- биіктігі – 3,5 метр.

Шанағы алюминий қорытпасынан және көміртекті талшықтан жасалған.

Пойыздың аспа жүйесі төмен жылдамдықта резеңке доңғалақтармен қозғалуға мүмкіндік береді, алайда 150 км/сағ жылдамдыққа жеткенде ол магниттік левитация режиміне ауысады, бұл қозғалысты әлдеқайда тегіс етеді.

Компания бұл маглев пойыздарын Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу және Ухань сияқты мегаполистер арасында қолдануды жоспарлап отыр. Инфрақұрылым құрылысы келесі бес жылда басталуы мүмкін, өйткені қазіргі уақытта жоба мен жол жүйесі әзірленуде.

Маусым айында Қытай инновация орталығының мамандары салмағы 1100 кг болатын прототипті сынақтан өткізді. 600 метрлік арнайы учаскеде пойыз небәрі 7 секундта 650 км/сағ жылдамдыққа жетіп, технологияның әлеуетін дәлелдеді.

MODERN RAILWAYS 2025 көрмесіне 14 елден 521 компания қатысып, 72 000-нан астам адам келді. Көрмеде 30 000-нан астам экспонат, оның ішінде 30 пойыз үлгісі көрсетілді, олардың 22-сін CRRC компаниясы таныстырды.

Бұл жоба Қытайдың ұшақтарға балама жоғары жылдамдықты көлік ұсынуға деген ұмтылысын көрсетеді. Маглев пойыздары жол уақытын қысқартып, экологияға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді және орта қашықтықтағы бағыттарда жолаушыларға қолайлы болмақ.

 

Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы