ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды

Әлемде
10.08.2026, 11:50
Сурет: Fraselpantz / Wikimedia Commons

ЕО: Transport & Environment (T&E) экологиялық ұйымы Еуропа одағының саясаткерлерін халықаралық пойыз билеттеріне салынатын қосылған құн салығын (ҚҚС) жоюға шақырды. Сонымен қатар ұйым бұл бастаманы жылжымалы құрамға қолдау көрсету, белсенді өнеркәсіптік саясат жүргізу және авиациялық слоттарды бөлуде қорғау шараларын енгізу арқылы толықтыруды ұсынды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл ұсыныстар ұйымның 2026 жылдың шілдесінде жарияланған ЕО-ның жүрдек теміржол желілерін дамыту жоспары туралы арнайы құжатында көрсетілген. Қазіргі уақытта Еуропа парламенті Еурокомиссияның 2025 жылғы қарашада ұсынған жоспарын күшейту мақсатында өз бастамасымен жеке баяндама дайындап жатыр.

T&E туристік және көліктік қызметтерге арналған ҚҚС ережелерін қайта қарау барысында ЕО-ның бүкіл аумағында халықаралық жолаушылар тасымалын бұл салықтан босатуды ұсынып отыр. Сонымен бірге ұйым авиация мен жолаушылар кеме қатынасына берілген қазіргі салықтық жеңілдіктердің де күшін жоюды талап етеді.

Ұйымның есептеуінше, салықты алып тастау мемлекеттік бюджеттерге жылына 106 млн-нан 117 млн еуроға дейін шығын келтіруі мүмкін. T&E талдауына сәйкес, Хорватия, Германия, Испания, Бельгия және Нидерланды әлі де халықаралық теміржол тасымалынан ҚҚС алады. Ал Грекия бұл салықты белгілегенімен, қазіргі уақытта шекарааралық теміржол қатынасы жоқ.

2023 жылы ҚҚС сақталған осы бес елден 16,3 миллионға жуық жолаушы жолға шыққан. Бұл ЕО-дағы халықаралық теміржол жолаушыларының төрттен біріне де жетпейтін көрсеткіш. Ұйым халықаралық қатынастағы жолаушы-километр көрсеткіштерін шамалап есептеуге тура келгендіктен, бюджет шығындарының болжамы нақты мәлімет емес екенін ескертеді.

Ұйым ұсынысы тек билеттерге салық салумен шектелмейді. T&E өкілдері әуежайлар босаған слоттарды алыс қашықтыққа ұшатын рейстерге беріп жіберсе, қысқа қашықтықтағы ұшақтарды пойызбен алмастыру зиянды қалдықтарды азайта алмайтынын ескертеді. Сол себепті әуежайларды кеңейту мен слоттарды бөлуде климаттық жағдайды ескеріп, нәтижені жойылған рейстердің санымен емес, қалдықтардың нақты азаюымен бағалауды ұсынады.

Тағы бір өзекті мәселе жүйрік пойыздардың тапшылығы. T&E теміржол саласына арналған еуропалық өнеркәсіптік стратегия әзірлеуді ұсынады. Бұл талаптарды біріздендіруге, ұлттық ережелерді жеңілдетуге, өндіріс қуатын арттыруға және қолданыста болған пойыздарды сатып алу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады. Егер операторлар қолайлы пойыздар таба алмаса или оларды өндіру жылдарға созылса, тек жаңа инфрақұрылым салу арқылы тасымалды жолға қою мүмкін емес.

Еурокомиссияның жүйрік теміржолдарды дамыту жоспарында 2027 жылға қарай қауіпсіз пойыздарды бәсекеге қайшы түрде есептен шығаруға қарсы шаралар мен оларды ЕО елдері арасында қайта сатудың ашық шарттары қарастырылған. T&E бұл салада ауқымды өнеркәсіптік база құрып, пойыздарды сатып алуға қаржылай кепілдіктер беруді талап етеді.

T&E ірі жүйрік инфрақұрылым құрылысы аяқталғанға дейін операторлар көбірек халықаралық бағыттарды іске қоса алуы үшін ЕО-ның пилоттық бағдарламасын 2035 жылға дейін ұзартуды ұсынады. Уақытында бұл жоба Прага - Копенгаген және Неаполь - Берлин бағыттарын қолдаған еді. Дегенмен, басқа жобалар операторлардың жылжымалы құрамды сатып алудағы қиындықтарына байланысты тоқтап қалған немесе жабылған.

Сонымен қатар ұйым теміржол көлігін қайта өңделетін электр энергиясын пайдалануды несиелеудің ұлттық жүйесіне енгізуді ұсынады. Сондай-ақ TEN-T желісінің шекарааралық бөліктерін ЕО тарапынан қаржыландыру ұлттық инвестициялармен қолдау табуы тиіс. Әйтпесе жаңа халықаралық бағыттар ішкі баяу немесе өткізу қабілеті төмен желілерге тіреліп қалады.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды