Жүк айналымы неге төмендеді?

Жүк тасымалы
27.09.2022, 11:17
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша 2022 жылдың сегіз айында жүк айналымы жоспары орындалды деуге болады. Директорлар кеңесі бекіткен жоспар бойынша негізгі он бес көрсеткіштің жетеуі, ал техникалық жоспар бойынша сегізі орындалды.

Соның ішінде жүк тиеу, вагонның орташа статистикалық және динамикалық салмағы, пойыздың орташа салмағы, вагонның бір жүк операциясына тұруы сынды негізгі көрсеткіштер жүз пайыздан асыра орындалған. Дегенмен, кейбір көрсеткіштердің межеден төмен болуына орай жүк айналымына кері әсер еткен жағдайлардың да бар екені жасырын емес. Аймақтағы негізгі өндіріс ошақтарының қызметі мұнай өндірісімен байланысты болғандықтан, тасымалдағы жүк түрлері де негізінен мұнай өнімдері. Соған сәйкес, кіріс те тасымал көлеміне байланысты болатыны белгілі. Сегіз айда жүк айналымының жоспары 7277 млнткмнетто болса, орындалғаны 7241,2 млнткмнетто, яғни 99,5 пайызды құрады.  

Сонымен, жүк айналымы төмендеуінің қандай себептері бар десек, алдымен оған орташа жүк тиеудің және тиелген жүк вагондарының кемуі, транзиттік тасымалдың азаюын айтар едік. Қаңтар қасіреті кезінде, яғни 2-6 қаңтар аралығында елде Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты, өңірде ешқандай мұнай өнімдері тиелмеген, ешқандай жүк тасымалы жүргізілмеген. Ал одан кейін Украинадағы соғысқа байланысты онда жөнелтілетін экспорттық мұнай өнімдерінің тұрып қалуы орын алды. Бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлім бастығы Әзиз Айжарықовтың мәліметінше, 1 наурыздан бері Украинаға қандай да бір жүк жөнелтуге және Солтүстік Кавказ темір жолына пропан-бутан өнімін жіберуге тоқтам қою, 15 сәуір-15 мамыр аралығында   Атырау мұнай өңдеу зауытының кейбір қондырғыларының жөндеуге тұруы тасымал көлемінің кемуіне әсер еткен. Сондай-ақ, «Теңізшевройл», «Батыс Транс Групп», «Индер Тұз Компания», «Тенгизская Транспортная Компания» ЖШС-мен Мақат, Құлсары, Теңдік, Қарабатан станциялары арқылы экспорттық бағыттағы 1838320 тонна болатын пропан, бутан, мазут, кокс, күкірт тиелген 33424 вагон келісілмегендіктен және тапсырыс берушілердің бас тартуы себепті тиелмей қалды. 9-14 мамырда Грузияға жүк жіберуге де конвенциялық тоқтам қойылды.  

Ресей-Украина арасындағы қақтығыс еларалық экономикалық қарым-қатынасқа да ықпалын тигізді. Соның әсерінен, экономиканың негізгі бөлігін құрайтын өңірдегі мұнай өнімдерін өндіру, оны тасымалдау көлемі, құрылыс   материалдары мен халық тұтынатын, басқа да тауарлар тасымалы да қалыпты деңгейді тұрақтай алмағанын айта кеткен жөн. Соның ішінде ресурсұстаушылардан қара мұнай өнімдеріне деген тапсырыс бұрынғыға қарағанда төмен болғанын көреміз. Оған нарықтағы ауқымды дағдарыс, мұнай бағасының тұрақсыздығы, өнімнің болмауы және сатып алушылардың төлемқабілетсіздігі де себеп.  

Сегіз айда жұмыс вагондарының айналымы 96,3%-ды құрады, оның жоспардан кем болуы себебі – вагон тиеуді игермеу, тиелген вагондарды қабылдаудың азаюы, автобұғаттаудың тоқтауы және жылдамдықты шектеуге ескерту берілуі де вагон айналымына әсер етті. Жергілікті вагондар айналымы бойынша «ТШО» ЖШС, «Механизированная колонна», «Иси Гипс Индер», «Нура», «Еврострой», «Агропромтехника», «Градекс», «Бертас 2», «Кедентранссервис», «Петро ретэйл», «Атыраубетон-24», «Батыс Альянс» ЖШС-мен Құлсары, Мақат, Махамбет, Атырау, Ақжайық станцияларында жүк операциялары уақытында жасалды. Дегенмен, бұрынғы кедергілер сақталып отыр, яғни кірме жолдардың алыстығы, локомотивтерді күту, жүк түсіру орнының бос болмауы, жүктің қатып қалуы, жұмыс күшінің болмауы, бір уақытта бірнеше пойыздың келуі, т.б. себептер де бар.  

Пойыздар қозғалысының учаскелік және техникалық жылдамдығы да кеміді. Оған пойыздарды жолдан шығарумен қатар, Мақат-Атырау, Атырау-Қиғаш, Мақат-Құлсары, Мақат-Сағыз учаскелерінде жылдамдықты шектеуге ескерту берілуі де себеп. Барлығы 718 технологиялық «толаскез» берілген. Ал, ҚиғашАтырау жолында сағатына тек 40 км жылдамдықпен ғана жүруге болады. Қатты желдің екпіні де жылдамдықты шектеуге мәжбүрлейді. Өткен сегіз айда Атырау -Мақат, Атырау-Қарауылкелді, Атырау-Қиғаш, Атырау-Сағыз, Мақат-Сағыз учаскелерінде 351 сағатқа 218, кейін тағы 461 технологиялық «толаскез» беріліп, электр желілері, ВЛ-СЦБ құралдарын жөндеу үшін автобұғаттау, сондай-ақ ДУОМАТ, УНИМАТ, Жейсмар, т.б. жол машиналарымен жұмыс жүргізу үшін де 11702,8 сағатқа технологиялық толаскез алынған. Сонымен қатар, жолға малдың шығып кетуіне байланысты локомотивті шұғыл тежеудің 377 жағдайы болған.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды