Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді

Жүк тасымалы
21.05.2026, 08:41
Оқуға 1 мин

Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі тұрақты өсім көрсетуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша контейнермен тасымалданған жүк көлемі 2203 мың ЖФЭ-ге дейін өсті, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 2115 мың ЖФЭ құраған. Осы кезеңде контейнерлендіру деңгейі 6,7%-дан 8%-ға дейін артты.

Өсім 2026 жылы да жалғасуда. 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында контейнерлік тасымал көлемі 742 мың ЖФЭ-ні құрады. Ал 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 709 мың ЖФЭ болған. Контейнерлендіру деңгейі 8,2%-дан 8,5%-ға дейін өсті.

Оң динамика экспорттық, импорттық және әсіресе транзиттік контейнерлік тасымал көлемінің артуымен байланысты. Бұл Қазақстанда заманауи логистикалық форматтардың дамып келе жатқанын және елдің транзиттік әлеуетінің нығайып жатқанын көрсетеді.

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру аясында контейнерлік және мультимодальды тасымалды дамытуға бағытталған бағдарламалық құжат қабылдау жоспарлануда.

Құжатта терминалдық инфрақұрылымды дамыту, цифрлық сервистерді кеңейту, кедендік және технологиялық рәсімдерді жеңілдету, сондай-ақ контейнерлік операцияларды басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру бойынша шаралар қарастырылған.

Жоспарланған шараларды іске асыру контейнерлендіру деңгейін арттыруға, логистикалық процестердің тиімділігін күшейтуге және Қазақстанның өңірдегі ірі көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет