Жыл басынан бері ҚТЖ арқылы 61,5 млн тонна жүк тасымалданды

Жүк тасымалы / Апта саны
07.04.2023, 10:35
Оқуға 2 мин
Фото Александра ЖАБЧУКА
Қазақстан теміржолшысы

Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсаны қорытындыланды. Өткен үш айда Қазақстан темір жолы арқылы 61,5 миллион тоннадан астам жүк тасымалданған. Соның 39,3 млн тоннасы еліміздің ішінде тасымалданса, 22,2 млн тоннасы экспортқа шығарылған.

Сонымен қатар, тарифтік жүк айналымының өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 7% артып, 64,4 млрд тонно-км құрағаны белгілі болып отыр. Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк тасымалының да жылдан-жылға қарқын алып келе жатқаны байқалады. Бұл бағыттағы өсім алғашқы үш айда 34,3% құрап отыр. Сала мамандары оған логистиканы өзгерту және тасымал қашықтығын арттыру арқасында қол жеткізіліп отырғанын айтады.  

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы әдеттегідей, әлеуметтік маңызға ие жүктер болып саналатын көмір мен астық тасымалын ерекше бақылауда ұстап отыр. Биылғы қаңтар-наурыз аралығында теміржол көлігіне 28,5 млн тонна тас көмір тиеліп, соның 20,3 млн тоннасы қазақстандық тұтынушыларға жеткізілген. Ал 8,2 млн тонна қатты отын сыртқы елдердің сұранысын қанағаттандыру мақсатында экспортталған. Қазақстан темір жолында көмір разрездерін вагондармен қамтамасыз ету, оларды уақытылы беру және көмір тиелімін қамтамасыз ету бойынша мониторингілеу топтары мен жедел штабтар жұмысы тиімді ұйымдастырылып, табысты жұмыс істеуде.  

Ал әлеуметтік жүктің келесі түрі – астық тиеліміне келсек, ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 3 млн тоннаға жуық астық тиеліп, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 10,2% жоғары шыққан. Сонымен қатар тартылған астық өнімдері тасымалы да 20,7% артып, 879 мың тонна шамасын құраған. Аталған жүк түріне қатысты экспорттың да 39,3% өсіп, 665 мың тонна шамасын төңіректегені белгілі болып отыр.  

Жүк тасымалын ұйымдастырушы мамандар алға тартқан деректер, осы жылдың бірінші тоқсанында химиялық тыңайтқыштардың 12,8% немесе 1,1 млн тоннаға, мұнай жүктерінің 5% немесе 4,5 млн тоннаға, ал құрылыс жүктерінің 15% немесе 2,6 млн тоннаға өскенін көрсетіп отыр.  

Ал экспорттық бағытта түсті кен және күкірт қышқылы, мұнай жүктері, химиялық тыңайтқыштар, құрылыс жүктері тасымалының ұлғайғаны байқалады.  

ҚТЖ инфрақұрылымының осындай жүктемесіне қарамастан басымдыққа ие міндеттемелер уақытылы орындалып отырғанын осы көрсеткіштер айғақтайды. Демек, алғашқы үш айды табысқа толы тоқсан болды деп қорытындылауға болады.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды