Тас көмір теміржолдағы жүк тасымалының негізгі бөлігі болып қалып отыр

Жүк тасымалы
02.06.2023, 10:55
Оқуға 2 мин

2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ-да көмір тиеу көлемі 106,7 млн тоннаны құрады, бұл жалпы теміржол көлігімен тасымалданған жүктердің 50%-ы, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қатты отын тиеу өткен жылға қарағанда 800 мың тоннаға артты. Қазақстан бойынша 74,3 млн тонна көмір тасымалданып, экспортқа 32,4 млн тоннасы тиелген.

Көмір тиеу көлемінің оң динамикасы биыл да байқалды. 2023 жылдың бес айында 44 млн тонна көмір тасымалданса, соның 30,8 млн тоннасы республика бойынша, 13 млн тоннасы  экспортқа тиелген.  

Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС маркетинг жөніндегі атқарушы директоры Вадим Копылов «Astana Minining Metallurgy» халықаралық тау-металлургиялық Конгресі шеңберінде өткен көмір өнеркәсібі форумында айтты.  

«ҚТЖ әлеуметтік маңызды жүктер тасымалына ерекше көңіл бөледі. Жылыту маусымы кезеңінде компанияның көмір штабы күн сайын тасымалға мониторинг жүргізіп,  тасымалдың үзілуіне жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылдайды. Біз көмір кен орындарымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Күн сайын ҚР ИИДМ, әкімдік, көмір кен орындары өкілдерінің қатысуымен жиындар өткізіліп, соның барысында барлық мәселелер бойынша өзара келісімге келетін шешімдер қабылданды. Өткен жылыту маусымы көмір жеткізу тізбегінде әрбір бөлімнің ұйымдасқан жұмысының өте маңызды екенін көрсетті», – деді В.Копылов.

2022 жылы энергия ресурстарға сұраныс артқандықтан экспортқа шығарылатын көмір тиеу көлемі айтарлықтай өскені атап өтілді.  

«Экспортқа бағдарлану республикаішілік тасымал мәселесімен тығыз байланысты. Біздің ойымызша, көмір тасымалы республика бойынша ең басты стратегиялық міндет болып саналады», – деді баяндамашы.  

Атқарушы директордың айтуынша, биылғы негізгі тренд теміржол көлігі инфрақұрылымын тиімді пайдалану болып қала береді. Осы ретте тасымалды барынша молынан бағдарлаудың маңызы зор, бұл стратегиялық жүкті жеткізу уақытын қысқартып, көмірдің көп бөлігін тасымалдауға септік етеді.

 

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды