ҚТЖ алаңында көмір тасымалдау мәселелері талқыланды

Жүк тасымалы / Апта саны
26.07.2023, 16:12
Оқуға 2 мин
Александр Жабчук

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да алдағы жылыту маусымына көмір тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кеңеске ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық – ЭНЕРГО» АҚ, көмір өндіруші кәсіпорындардың, елдің жылу электр орталықтарының, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

ҚТЖ көмір тасымалдауды қамтамасыз етуге дайындығын растады, сондай-ақ Қазтеміртранс вагондар паркін іске қосу жоспарларын ұсынды. Дәстүр бойынша ҚТЖ-да жедел штаб жұмыс істейді, тасымалдарды үйлестіру бойынша арнайы диспетчерлер анықталды.

Жаңа жылыту маусымына дайындық басталғаннан бастап (2023 жылғы мамырдан 24 шілдеге дейін) Қазақстан бойынша теміржол көлігімен 14,4 млн тонна көмір тасымалданды. Оның ішінде еліміздің жылу электр орталықтарына 13 млн тонна, тұрғындар үшін 1,4 млн тонна жеткізілді.

Қазіргі уақытта көмір разрездері өтінімдердің және ЖЭО тарапынан көмір үшін төлемнің болмауына байланысты тиеуді толық қуатында жүзеге асыра алмай отыр. Энергетикалық көмірдің негізгі жөнелтімі «Богатыр Көмір» ЖШС разрезінен жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың шілдесінде 30 маршруттың техникалық мүмкіндігі бола тұра көмірді орташа тәуліктік жөнелту 23 маршрутты құрады.

Кеңесте көмірдің біркелкі жиналмауы жылыту маусымының ең жоғары кезеңдерінде тасымалдарды қиындатуы және қауіпті жағдайлар туғызуы мүмкін екендігі атап өтілді.

ҚТЖ-да көмірді онлайн режимде жеткізуді бақылаудың интерактивті жүйесі құрылады. Әрбір станция ақпаратты тиісті формаға енгізеді, содан кейін орталық штабта деректер жиналады және талданады. Бұл қатты отынды тасымалдау жағдайын бақылауға және барлық сұрақтарға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Жақын арада осы платформаға көмір разрездері, жүк алушылар, жүк жөнелтушілер қол жеткізе алады.

Кездесу қорытындысы бойынша жүк жөнелтушілер Ұлттық тасымалдаушымен пайдалы диалог жүргізілгенін атап өтті. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС барлық мәселелерді үндестіру және тасымалдаудың тұрақты стратегиясын айқындау үшін әрбір көмір разрезімен бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті