Көмір тасымалында қандай кедергілер бар?

Жүк тасымалы
28.07.2023, 09:23
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық Энерго» АҚ, облыстық әкімдіктер өкілдері мен ұлттық компания және оның еншілес ұйымдары, өңірдегі жүк тасымалы бөлімшелері, сондай-ақ, көмір кен орындары жетекшілерінің қатысуымен 2023-2024 жылдардың жылу маусымына көмір тасымалдау мәселесіне қатысты кеңейтілген жиын өтті.

Биылғы мамыр айы мен 24 шілде аралығындағы көмір тасымалы бойынша ағымдық жағдайға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Нұржан Келбұғанов шолу жасады. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде Қазақстан бойынша 14,4 млн тонна көмір тасымалданған. Осы көмір көлемінің 13 млн тоннасы еліміздің жылу электр орталықтарына жөнелтілсе, 1,4 млн тоннасы коммуналдық-тұрмыстық секторға бағытталған.  

– Темір жолда, еліміздегі жылу электр орталығы мен басқа да кәсіпорындар сияқты көптеген операцияларды қамтитын өзара байланысты күрделі технологиялық процесс. Сондықтан кез келген қолданыстағы механизм сияқты бізде де түрлі істен шығу жағдайлары болады. Мәселен, Қарағанды телімінде бірнеше жылжымалы құрамның жолдан шығып кетуі бірқатар ЖЭО-ларға қатты отынды жеткізу процесіне кері әсер етті. Бірақ, көмір разрездері мен ТЭО-лар тарапынан да жылыту маусымында тиеу, түсіру, конвейерлік жабдықтарға қатысты проблемалар туындады. Көмірді тиеп жөнелту көлемінің төмендеуіне әкеліп соқтырған басқа да факторлар бар, айталық тасымалдау ақысын (Петропавл ЖЭО) немесе көмір құнын (Риддер ЖЭО, Өскемен ЖЭО) төлемеу сияқты факторлар жүкті жөнелтудің біркелкілігін бұзды. Осыған байланысты барлық әкімдіктерге, ЖЭО-ға, көмір разрездеріне көмірді тиеу, түсіру, жеткізуге байланысты проблемалар туындаған жағдайда, жылыту маусымының қалыпты өтуін қамтамасыз ету үшін жедел және кешенді шараларды қабылдау үшін ҚАЭО және ҚТЖ-ға хабарласуларыңызды сұраймыз, – деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өкілі.  

Ұлттық компания энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігі мен тұрақтылығын, жылу беру маусымының қызған шағында көмір тасымалының біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында жылу электр станцияларында көмір қорын жинақтау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 29 ЖЭО-ның 22-сінде көмір қорының нормадан асып отырғаны байқалуда. Оның үстіне, ЖЭО-ның көпшілігінде қатты отынды тұтыну азайған, бұл өз кезегінде, көмірдің жинақталуына қосымша мүмкіндіктер туғызып отыр екен. Алайда, 7 ЖЭО-да көмір қоры нормадан айтарлықтай төмен. Осыған қатысты ҚТЖ өкілі, қорлардың азаю себептерін біліп, ЖЭО-да жылыту маусымы кезінде «қауіпсіздік жастығы» болуы үшін оларды толықтыру бойынша іс-шаралар жоспарын жасағылары келетінін жеткізді. 

Осы ретте, атап өтерлігі, көмірдің негізгі жөнелтілімі «Богатырь Көмір» карьерінен жүзеге асырылуда. Осы шілде айында аталған кен орнынан көмірдің орташа тәуліктік жөнелтілімі 23 маршрутты құрап отырған көрінеді, ал шын мәнінде, техникалық мүмкіндігі тәулігіне 30 бағдарды құрайды. Бұған қоса, ағымдағы айда кен орны 26 маршруттан бас тартқан. 

«ҚТЖ-да көмірдің жеткізілуін онлайн бақылайтын интерактивті жүйе құрылуда. Әрбір станция ақпаратты тиісті формаға енгізеді, содан кейін мәліметтер орталық штабта жиналып, талдаудан өтеді. Бұл қатты отынды тасымалдау жағдайын бақылауға және барлық сұрақтарға жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Жақын арада бұл платформаға көмір кен орындары, жүк алушылар және жүк жөнелтушілер қол жеткізе алады», – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Нұржан Келбұғанов. 

ҚТЖ-да дәстүр бойынша жедел штаб құрылып, көмір тиелген вагондарды қадағалау және тасымалдауды үйлестіру үшін арнайы диспетчерлер бекітілген. Көмір тасымалын тоқтаусыз жүзеге асыруға жылжымалы құрам паркі жеткілікті ме деген мәселеге келсек, биыл локомотив сатып алу бағдарламасына сәйкес 175 локомотив сатып алу жоспарланған. Тарқатып айтсақ, 40 электровоз, 123 магистральдық және 12 маневрлік тепловоз, бүгінде 38 локомотив сатып алынған. 

Жалпы компания бойынша көмір тасымалын қамтамасыз етуге қатысты іс-шаралар және жол картасы әзірленіп, жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде екен. Компания тарапынан көмір тасымалы ерекше бақылауға алынған. 

Кездесу қорытындысы бойынша жүк жөнелтушілер ұлттық тасымалдаушымен пайдалы диалог болғанын атап өтті. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС барлық мәселелерді үйлестіру және тұрақты тасымалдау стратегиясын анықтау үшін әрбір көмір кен орнымен бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты