Түркістан облысында көмір жеткізу кестеге сай жүріп жатыр

Жүк тасымалы
04.10.2024, 10:28
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Түркістан облысында қысқа дайындық жұмыстары қызған. Жылу маусымын пысықтайтын мұндай шараларға өңір теміржолшылары әдеттегідей белсенді араласып, қыз-қыз қайнаған шаруаның бел ортасында жүр.

Негізінен алдағы қыс маусымында облыс пен Шымкент қаласының жалпы көмірге сұранысы 700 922 тонна деп болжанған болса, оның 490 226 тоннасы қалың бұқараның сұранысын өтеуге жұмсалады да, қалған 210 696 тоннасы әлеуметтік нысандар мен коммуналдық мекемелерге таратылуы тиіс.  

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесіндегі жауапты мамандардың дерегінше, бүгінгі таңда осы жоспардың орындалу көрсеткіші 27,1 пайызды құрап отыр. Яғни, қазіргі таңда 189 849 тонна көмір діттеген жерге жеткізілді деген сөз. Қыс кеш түсетін және жылы болатын оңтүстік үшін жаман көрсеткіш емес көрінеді. Бұл жерде ескере кететін бір жайт – Кентаудағы аса әлеуетті нысан аталатын Жылу электр станциясының маусымдық қажеттілігі 107 мың тоннадан асып жығылады. Қазіргі кезде бұл мекемеге көмір жеткізу кестеге сай енді басталғанымен, жоспар бойынша қатты отын уақытылы тасымалданатын болады.  

Ал енді Шымкент қаласындағы базаларға қабылданған көмір көлемі 33 914 тоннаны құраса, оның 29 449 тоннасы халыққа, ал 4465 тоннасы коммуналдық мекемелерге жеткізілген. Осылайша, Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша бүгінгі таңда темір жолдың 22 кіреберіс жолы қалыпты жағдайда қызмет көрсетіп келеді. Ал кірме жолдар маңындағы ашық алаңдар мен қоймаларда 147 586 тонна қара алтын таудай болып үйіліп жатыр. Ол жерден үлкенді-кішілі жүк көліктерімен арнайы кесте бойынша тиісті мекемелерге тасымалдануда.  

Жалпы, Түркістан облысында көмірмен жылытылатын жылыжай нысандары аз емес екені белгілі. Егер қазірден қамданбаса, шаруалардың ала жаздай еткен еңбегі зая кететіні ақиқат. Бұл бағыттағы жұмыстар халықтың тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететіндіктен, жергілікті атқарушы билік органдарымен өңір теміржолшылары кеңесе отырып, қажетті көмірдің уақытылы жеткізілуіне атсалысуда. Айталық, өңірде 1 620 гектар жылыжай шаруашылығы болса, оның 750 гектары көмірмен жылытылады екен. Сондықтан да олардың қыстық қажеттілігі 280 915 тонна көмір деп межеленіп, қазірдің өзінде бұл бағытта жұмыстар қызу қолға алынған.

– Бұл ретте облыстық әкімдіктегі салалық басқармалармен және көмір операторларымен едел-жедел ақпарат алмасып, бірлесе еңбек етудің нәтижесінде жоспар ойдағыдай жүзеге асуда деп сеніммен айта аламыз, – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Шымкент бөлімшесі директорының логистика бойынша орынбасары Әлсейіт Әденбаев.

Осы орайда нақтылай түсетін болсақ, өңірдегі жылыжайдың басым бөлігі Сарыағаш ауданы аумағында орналасқандықтан, осы аумақтағы тұйық жолды қоймаларда 68 500 тонна көмір қоры жинақталған. Қазіргі кезде көмірді шаруалар рет-ретімен діттеген жеріне емін-еркін жеткізіп алуда. Одан кейінгі ең үлкен қор Шымкент іргесіндегі Қызылсай станциясының көмір базасында шоғырланған. Қатты отын көлемі мұнда 32 350 тоннаны құрайды. Ал көмір қорының «үштігін» Арыс станциясының кірме жолы маңында қоймалар қорытындылайды. Мұндағы қор көрсеткіші 15 мың тонна. Осы орайда облыс аумағындағы көмір қоймасы бар өзге станциялар да көмір көлемін жоспар бойынша тиісті деңгейде қабылдап, таратып жатқанын айта кеткен жөн.  

 

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн