New Silk Way: ҚТЖ еуразиялық транзитте стратегиялық көшбасшылықты күшейтуде

Жаңалықтар
01.10.2025, 09:23
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук

Алматыда Қазақстан көлік апталығы басты оқиғаларының бірі — «New Silk Way» VII халықаралық көліктік-логистикалық бизнес — форумының салтанатты ашылуы өтті. Форум Ақорданың тікелей эфирінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен басталды. Мемлекет басшысы Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасындағы көпір ретіндегі ерекше рөлін тілге тиек ете отырып, жаһандық логистикалық байланыстарды одан әрі дамыту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Телекөпір барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Мемлекет басшысына Транскаспий маршрутының өткізу қабілетін күшейтетін және Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік рөлін нығайтатын маңызды инфрақұрылымдық бағыттардың бірі ретінде Достық – Мойынты учаскесінде екінші табан жолдарды салу жөніндегі ауқымды жобаны іске асыру туралы баяндады.

Форум аясында Талғат Алдыбергенов халықаралық көлік, инвестициялық және логистикалық ұйымдар өкілдерімен бірқатар стратегиялық кездесулер өткізді.

Форум 30 елден 500 астам қатысушыны — мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың және жеке сектор өкілдерін біріктірді. Күн тәртібінде — көлік дәліздерін дамыту, цифрландыру, логистиканы трансформациялау және «Бір белдеу — бір жол» бастамасы шеңберінде бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

«New Silk Way» платформасы Қазақстанның жаһандық логистикадағы ұстанымдарын нығайтуға және болашақтың жаңа еуразиялық бағыттарын қалыптастыруға бағытталған стратегиялық бағытын айқын көрсетеді.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды