Бейжіңде ТХКБ-ның 2024 жылғы жұмысы қорытындыланды

Жүк тасымалы
24.12.2024, 17:01
Оқуға 1 мин

Бейжіңде (ҚХР) ҚТЖ еншілес компаниясының (“KTZ Express” АҚ) басшылығы Қытай, Грузия және Әзірбайжан темір жолдары өкілдерімен бірлесіп Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша сарапшылар кеңесіне қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Кездесуде маршруттың 2024 жылғы жұмысы қорытындыланып, іске асырылған жобалар мен келесі жылға арналған жоспарлар талқыланды. ТХКБ-ны одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларға ерекше назар аударылды.

Келіссөздер барысында тараптар ТХКБ бойынша тасымалдау көлемін ұлғайтуға келісті. Қытайдан ТХКБ бойынша жөнелтілетін контейнерлік пойыздар санын тәулігіне төртке дейін ұлғайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді, бұл ағымдағы көрсеткіштерден екі есе көп.  

Сонымен қатар, маршруттағы логистикалық процестердің жеделдігі мен ашықтығын арттыруда тараптар жүк ағындарын бақылау мен басқару үшін бірыңғай цифрлық платформаны әзірлеу мүмкіндігін талқылады.  

ҚТЖ халықаралық ынтымақтастықты нығайта және көлік инфрақұрылымын жақсартуға ықпал ете отырып, ТХКБ-ны белсенді дамытуды жалғастыруда. Бұл күш-жігер Қазақстанның транзиттік әлеуетін және маршрут бойынша жеткізудің барлық тізбегін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті