Әлеуметтік жүк тасымалы ұлғаюда

Жүк тасымалы
18.07.2025, 08:49
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлттық компания үшін әлеуметтік маңызды жүк санатындағы көмір мен астық тасымалы қашан да өзекті. Биылғы жылдың бес айының қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша тасымалданған жүк көлемі 107 млн тоннаны құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті кезеңіне қарағанда 4,4%-ға жоғары болып отыр.

Оның 68,7 млн тоннасы ел ішінде тасымалданып, 38 млн тоннасы экспортқа шығарылған. Теміржол көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер – әрине көмір мен астық. 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымында Қазақстан бойынша теміржол көлігімен 67 миллион тонна көмір тасымалданып, оның 60 миллион тоннасы ЖЭО-ға, ал 7 миллион тоннасы коммуналдық секторға жеткізілген. Ал осы жылдың бес айында 41,6 млн тонна көмір тасымалданып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға артық шыққан. Оның 29,3 миллион тоннасы ішкі нарыққа жіберілсе, 12,2 миллион тоннасы экспортталған.  

ҚТЖ көмір логистикасын үздіксіз қамтамасыз етіп, жекеменшік және жалға алынған 12 мыңға жуық ашық вагондарды пайдалана отырып, жүк жөнелтушілердің сұранысын 100% орындады. Қатты отынды тасымалдауды үйлестіру бойынша жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп, ҚТЖ мамандары тиісті министрліктер мен әкімдіктер өкілдерімен тұрақты байланыс орнатқан.  

Отандық көмірді жеткізудің негізгі бағыттарына Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Латвия, Польша, Қытай, Үндістан және Италия кіреді. Бүгінде еліміз қатты отынды Каспий порттары арқылы Грузия мен Түркияға жеткізу мүмкіндігін қарастыруда. Сонымен қатар Қытай порттары арқылы экспортты арттыру мүмкіндігі талқылануда. Биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі, бірінші тоқсан қорытындысы бойынша Ресей порттары арқылы көмір экспортының 44,5%-ға өсуі, сондай-ақ Қытайға белсенді көмір экспортының жасалуы болды. Осылайша, Қазақстан мен Ресейдің теміржол әкімшіліктері отандық көмірді экспорттау үшін «жасыл дәліздерді» құру тетіктерін пысықтауды жоспарлап отыр.  

Әлеуметтік жүк санатындағы астық тасымалы да айтарлықтай өскен. Мәселен, Қазақстанда 2024 жылы жиналған 25,2 миллион тонна астық рекорды соңғы бес жылдағы рекордты жаңартқанын теміржол тасымалы көлемінен де байқауға болады. Маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша (2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың сәуіріне дейін) «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша астық тасымалдау көлемі 9,8 млн тоннаға жетіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52%-ға артық. Бұл ретте экспорт 58%-ға өсіп, 7,7 млн тоннаны құрады. Жыл басынан бергі бес ай ішінде 5,7 миллион тонна астық тасымалданған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 54 пайызға артық. Шетелге астық жеткізу 62 пайызға өсіп, 4,5 миллион тоннаға жеткен.  

Ал астықтың ағымдағы экспорттық маусымында еліміз мәлімделген 12 млн тонна болжамға қол жеткізген жоқ. Осыған қарамастан, жеткізілімдер тек дәстүрлі нарықтарда ғана емес, сонымен қатар балама маршруттарда да өсім көрсетті. Мәселен, республиканың ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сүйенсек, дәстүрлі нарықтарда бидай және жем-шөп ұнтағы, сондай-ақ қатты бидай экспортының 2024/25 жылғы 8 айда (қыркүйек-сәуір) Өзбекстанға – 36%-ға, Тәжікстанға – 29%-ға, Ауғанстанға – 62%-ға, Әзірбайжанға – 216 есе, Қырғызстанға 5,6 есе өскені байқалған. Сонымен қатар Грузия мен Алжирге де жеткізілім күрт өскен.  

Қайта өңделген дәнді дақылдар көлемінің тұрақты өсу серпінін бүгінде Қытай бағытынан көруге болады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ алға тартқан деректерге сүйенсек, 2025 жылдың бес айының өзінде елдің теміржол желісі арқылы Қытай бағытында 1,6 млн тонна астық жүктері (астық, ұн, құрама жем) тасымалданған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46% артық. Жөнелтілген астық көлемі 328 мың тоннаны құрап, оның 239 мың тоннасы контейнерлерде тасымалданған. Ұнтақталған өнімдердің көлемі 179 мың тоннаны құраса, оның 112 мың тоннасы контейнерлерге тиелді. Бұл өсімге көршілес Ресейде егіннің азаюы және астық тасымалдауға субсидиялар ықпал етті, бұл сайып келгенде, сұраныстың жандануына және мүлдем басқа нарықтарға шығуға мүмкіндік берді. Мәселен, Мароккоға теміржол жеткізілімдері ашылып, ол жаққа тек 2025 жылдың 4 айында 111 мың тонна бидай жөнелтілді. Сондай-ақ қазақстандық бидайды Вьетнамға алғаш рет салмағы 1,7 мың тоннаға жуық транзиттік контейнерлік пойызбен Ляньюньган порты арқылы теңіз кемелеріне тиеп, Хайфон портына жөнелту арқылы тасымалдау жүзеге асырылды, оған шамамен 15 мың тонна бидай экспорттау жоспарлануда.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты