ҚТЖ: уақытша шектеулер қытай тарапының пойыздарды қабылдауының төмендеуімен байланысты

Жүк тасымалы
28.10.2025, 12:10
Оқуға 1 мин

Осы жылдың қазан айында Қытай Халық Республикасы тарапынан Алтынкөл мемлекетаралық түйіспесі арқылы пойыздарды қабылдаудың тәулігіне 14-тен 10 пойызға дейін, ал жекелеген күндері 6-ға дейін төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

ҚХР уәкілетті органдары Үрімші және Бейжің қалаларында сынамаларды іріктеу мен зертханалық талдауды қоса алғанда, астық жүктерін тереңдетіп тексеруді жүргізуде. Тексеру 5-тен 10 күнге дейін созылады.

Қалыптасқан жағдай қазақстандық тарап инфрақұрылымының пайдалану жағдайына әсер етіп, Қытай бағытында келе жатқан экспорттық және транзиттік жүктері бар шамамен 3 000 вагонның жиналып қалуына әкелді. Аталған көрсеткіш беруді күтіп тұрған жылжымалы құрамның нормативтік санынан асып түседі. Бұл ретте құрамдарды қабылдау бұрын қытайлық тараппен толық келісілген болатын. 

Инфрақұрылымның тұрақты және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ контейнерлік пойыздарда тасымалданатын  жекелеген экспорттық астық жүктеріне тәулігіне үш құрамнан аспайтын қабылдауға уақытша технологиялық шектеулер енгізуге мәжбүр. 

Қабылданған шара уақытша әрі мәжбүрлі сипатта және жөнелтімдерді ҚТЖ-ның жауапкершілігі аймағынан тыс қабылдаушы инфрақұрылымның нақты дайындығымен үйлестіруге бағытталған. 

Тұтастай алғанда, Қазақстанның теміржол желісі штаттық режимде жұмыс істейді және жүктердің расталған көлемін тасымалдауға толық дайын.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды