Транскаспий бағыты бойынша транзит үш есе артты

Жүк тасымалы
23.04.2026, 09:15

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұганов теңіз инфрақұрылымы мен сауда флотын дамыту жобаларының іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сапар барысында ол теңіз терминалдарын аралап, кеме қатынасы компанияларының басшыларымен кездесті. Кездесуде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске-асыру мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда Ақтау портында контейнерлік хабпен кемелер қозғалысын басқару жүйесін (КҚБЖ) салу, Құрық портында айлақ акваториясын тереңдету және №1 айлақты жаңғырту, сондай-ақ портта жол бойы сервистік инфрақұрылым құру жобалары аяқталды.

Осы жылдың соңына дейін Ақтау порты акваториясын тереңдету және Құрық портындағы «Ерсай» терминалын, «Ерсай» контейнерлік терминалын салу, Құрық портындағы №2, 4 және 5 айлақтарды жаңғырту, буксирлер сатып алу, сондай-ақ цифрлық шешімдерді енгізіп, оларды ТХКБ-ның бірыңғай цифрлық ортасына интеграциялау жоспарланып отыр.

Аталған жобаларды іске асыру порт инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыруға және Қазақстанның Транскаспий бағыты бойынша негізгі транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, соңғы бес жылда ТХКБ бойынша транзиттік тасымал көлемі үш есеге артты. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 300 мың контейнерге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл