Контейнерлік транзит өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44% артты

Жүк тасымалы
27.07.2021, 10:26
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жыл басынан бері транзиттік бағдардағы контейнерлік тасымал көлемі 530 мың ЖФЭ-ден асты. Бұл өткен жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда 44%-ға артық, деп хабарлайды Rail-news.kz. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов және «ҚТЖ-Экспресс» компаниясының директоры Нұрлан Игембаев және ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов қатысқан брифингте мәлім болды. Бүгінгі таңда COVID-19 пандемиясына байланысты әлемдегі теміржол тасымалында жүктерді «Есіктен есікке дейін» шартымен жеткізіп беру әдісіне басымдық беріліп отырғаны белгілі. Бұл шарт бойынша жүктерді жеткізудің ең тиімді тәсілдерінің бірі – контейнерлік тасымалдау. Модераторлардың айтуынша, осыған байланысты соңғы жылдары транзиттік контейнерлік жүктер ағыны үшін талас күшейтіліп, транзиттік дәліздердің тартымдылығын арттыру бойынша шаралар қабылдануда.

«Бұл мәселеде Қытай мен Азия-Тынық мұхиты аймағының елдері негізгі жүк үдеткіші болып табылады. Әлемдік үрдістерді ескере отырып, министрлік пен теміржол саласының алдына қойылған басым міндеттердің бірі – елдің транзиттік әлеуетін дамыту. Біздің еліміздің географиялық орналасуы Еуропалық Одақ елдері мен Азия-Тынық мұхиты өңірі арасындағы жүк ағындарына бірегей транзиттік мүмкіндіктер береді. Қазақстанның транзиттік хабқа айналуы бірқатар жобаларды іске асырумен қатар жүрді, соның ішінде Орталық өңірлерді Батыспен (Жезқазған-Бейнеу) байланыстыру, Алматы-Шу учаскесінің өткізу қабілетін арттыру (Алматы-Шу екінші жолдары), қажетті порт және терминал инфрақұрылымын құру (Ақтау, Құрық порттары, «Қорғас» құрғақ порты, КЛО және Боржақты-Ерсай) жобалары бар», – дейді Жәнібек Тайжанов.

Оның мәліметінше, І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша барлық қатынастарды ескере отырып, контейнерлік жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау көлемі 800 мыңнан астам ЖФЭ құрады. Өсім – 36%. Оның ішінде транзиттік контейнерлік тасымалдар 44%-ға ұлғайған. Жыл соңына дейінгі жоспар – 1 млн ЖФЭ. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 1,6 млн ЖФЭ дейін жеткізу көзделген. Қазіргі уақытта тасымалдау көлемін одан әрі арттыру мақсатында өткізу қабілетін жаңғыртуды және ұлғайтуды талап ететін «тар» орындар анықталуда екен. Мәселен, Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша негізгі транзиттік дәлізде екінші жолдарды салу және Достық-Мойынты т/ж учаскесін электрлендіру жоспарлануда. Бұл жоба дәліздің өткізу қабілетін 5 есе арттырып, Қытайдан Еуропаға жыл сайын өсіп келе жатқан контейнер ағынын қамтамасыз етпек. Сондай-ақ, қазіргі Сарыағаш өткізу пунктін дамыту үшін Қазақстан мен Өзбекстан арасында Дарбаза-Мақтаарал жаңа теміржол желісін салу жоспарланған. Осы жобаны іске асыру учаскенің өткізу қабілетін 2 есе арттыруға, жүктерді тасымалдау мерзімін 1,5 есе қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл жоба Орталық Азияның Еуропаға экспорттық-импорттық ағымын қабылдауға мүмкіндік беріп, Қазақстанның халықаралық нарықтардағы ұстанымын нығайтпақ.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті