Келер жылы «Локомотив бригадасына арналған мобильді қосымша» қолданысқа енеді

Цифрландыру
10.12.2021, 10:47
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Алдағы жылы «Локомотив бригадасына арналған мобильді қосымша» енгізілмек. Жаңа жоба локомотив шаруашылығын цифрландырудың үлкен жетістігі болады деген болжам жасалып отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz. Бұл туралы Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінде «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов пен «Транстелеком» АҚ операциялық қызметтер бойынша басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Ахметовтің қатысуымен өткен жиында жан-жақты сөз болды. Жергілікті теміржолшылар, локомотив деполарының өкілдері қатысқан жиын тақырыбы теміржол көлігінде заманауи цифрлық ІТ технологияларды қолдану болды. «Локомотив бригадасына арналған мобильді қосымша» функциясы туралы Қанат Көбесов жан-жақты түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, мобильді қосымша қолданыстағы банктердің қосымшасы сияқты оңай да өте тиімді болмақ, және ол келесі жылдан бастап іске қосылады деп жоспарланып отыр.

«Цифрландыру – локомотив шаруашылығына да жетті. Локомотив бригадасына арналған мобильді қосымшада кез-келген тепловоз бен электровоздың қайда жүргенін, бүкіл қимыл-қозғалысын спутник арқылы көріп отыруға болады. Оған қоса, маневр тепловозын да қай станцияда, қай тұйықта жүр және қандай жұмыс атқаруда, локомотив қанша жанар-жағармай жұмсады, бәрін бақылауға болады. Сонымен қатар, машинист те өзінің қашан медициналық комиссиядан өтетінін, қашан сынақ тапсыратынын, қанша сағат жұмыс істегенін, т.т. біліп отырмақ. Мұның бәрі де келешекте жұмыстың үнемді, таза, ашық болу үшін жасалуда», - деді Қанат Көбесов.

Бұдан бөлек, жиында техникалық шығындар бойынша рационализаторлық ұсыныстар, өндірістік қауіпсіздік, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы, алдағы жылға арналған кешенді жоспарлар да сөз болды.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты