Семей ЖТ бөлімшесі цифрлық даму дәуіріне дендей бастады

Цифрландыру
25.02.2022, 12:13
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қазіргі күндері Семей ЖТ бөлімшесі бойынша цифрландыру, жаңа ақпараттық технологиялар игілігіне сүйену мәселелері алға шыққан. Бұл бағыттағы шаралар «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Цифрлық трансформация» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Осы орайда теміржолшылар үшін заманауи үлгідегі «ақылды технологиялар» дәуірі басталғаны белгілі. Бүгінде жүк тасымалы бөлімшесіндегі құжат алмасу, іс қағаздарын жүргізу толық автоматтандырылған. Мәселен, осыған дейін қағазсыз технология ішінде ең алдымен «Келісімді және коммерциялық жұмыс» басқару жүйесі іске асырылған болатын. Станциялардағы өтінім беру жұмыстары толықтай электронды түрде жүргізіледі. Сол тәрізді ЭЧ мекемесі бойынша автоматтандырылған ақпараттарды орталықтандыру, электр қуатын үнемдеудегі тиімділікті арттырар бағдарламалар да сәтімен жүзеге асырылды.

Әйтсе де, аталмыш бағыт бойынша әлі қолға алынуы тиіс шаралар бар. Оның барлығын нақтылап әрі тыңғылықты түрде зерттеу қажет. Бұл орайда ел шығысында да іргелі жұмыстар жасалуда. Әсіресе, магистральдық желі бөлімшесі бойынша жүзеге асырылуы тиіс бірқатар іргелі шаралар бар екен. Қазіргі күні желі бойындағы ПЧ мекемелерінде кейбір журналдар қолмен жүргізілетінін айта кету керек. Алдағы уақытта олардың бірқатарын электронды форматқа ауыстыру көзделуде. Сондықтан да, жол шаруашылығындағы барлық қызмет түрлері арнайы сарапқа алынуда. Нәтиже белгілі болған соң ғана техникалық кеңеске нақты ұсыныстар жасалатын болады. Ал автоматтандырылған қызмет әсіресе құжат алмасу ісінде үлкен жеңілдік әкелетіні белгілі.

Белгілі болғандай, қазіргі таңда бөлімшеге қарасты бірқатар мекемелерден ұсыныстар көптеп түсуде. Олардың арасында әсіресе Жаңа-Семей мен Семей тәрізді ірі жүк станцияларындағы дөңес қызметкерлері мен локомотив шаруашылығының мамандары ерекше белсенділік танытуда.

– Бүгінгі таңда бөлімше мекемелерінен жүзеге жуық рационалды ұсыныстар түсті деп есептесек, солардың арасында цифрландыруға қатысты жобаларды бөлек қарастырамыз. Басты мәселе – өндірісті, техникалық процесс барысын толықтай автоматтандыру. Рас, бүгінгі таңда кейбір бағдарламалардың арасында қажеті жоғы, яғни, күн талабына орай сандық форматқа ауыстыруды талап ететіндері бар. Осы мәселелерді шешуде тыңғылықты жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл орайда бөлімшедегі 23 мекемені түгелдей қамтып отырмыз. Бас инженерлер тарапынан автоматтандыру және цифрландыруға байланысты берілген өтініштерді бірыңғай түрде жинастырудамыз, – дейді бұл орайда пікір білдірген «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалы Аймақтық бөлімшелермен жұмыс жасау функционалдық бағытының АТ Бизнес-серіктесі Семей аймағы бойынша басшысы Ерғазы Жұмаділов.

Бұл бағыттағы игілікті шаралар қазірдің өзінде басталып кетіпті. Атап айтсақ, бөлімшенің Жаңа-Семей станциясында маневрлік локомотивтерді пайдалану уақытын бөлек есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу шарасы жоспарлануда. Қазіргі уақытта IT-жүйені әзірлеу және енгізу бойынша арнайы техникалық тапсырмалар әзірленіп, жан-жақты пысықталуда.

Пилоттық жоба түрінде енгізілетін аталмыш бағдарлама маневрлік локомотивтердің нақты жүктемесін бағалауға, деректерді өңдеудің сенімділігін арттыруға, адами фактордың ықпалын азайтуға, станция жұмысындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмауға, сондай-ақ жалпы өнімділікті арттыруға зор мүмкіндік береді екен. Ал, осынау жұмыс «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Цифрлық трансформация» бағдарламасының «Маневрлік жұмыстың тиімділігін арттыру» жобасы аясында жүргізілуде.

Басты мақсат – маневрлік жұмыстарда локомотивтерді қолданудың тиімділігін арттыру, барлық жүк станцияларында вагондарды уақытылы беру мен алып кетуді қамтамасыз ету болмақ. Ал, жаңа жобалар өзін толықтай ақтайтын болса, өзге бөлімшелердегі өндіріс процесіне де ұсынылатын болады.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті