Қауіпсіздік процестерін цифрландыру жұмыстары белсенді іске асып жатыр

Цифрландыру
20.09.2022, 09:38
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ұлттық компания бойынша соңғы жылдары қарқынды жүзеге асырылып жатқан цифрландыру бағытындағы жұмыстар ықпалы барлық салада көрініс табуда. Әсіресе, қазіргі таңда өндірістік қауіпсіздік процестерін цифрландыру жұмыстары белсенді іске асырылып жатыр.

 «KTZ HSE» интеграцияланған өндірістік қауіпсіздік жүйесі Семей ЖТ бөлімшесі бойынша да қолданысқа енгізіліп, қазіргі күндері еңбекті қорғау ісінде біршама оң нәтиже беруде. Бүгінгі таңда Семей өңірі бойынша өндірістік қауіпсіздік жүйесінің «KTZ HSE» мобильді қосымшасының деректері бойынша филиалда 3008 адам тіркелген екен. Бұл ретте әрбір қызметкер қауіпсіздіктің мінез-құлық диалогын жүргізу үшін мобильдік қосымшаны пайдалануға міндеттеліп отыр. Жаңашыл жобаның ел шығысындағы теміржолшылар үшін маңыздылығы артуда.  

Айталық, ағымдағы жылы мобильді қосымша арқылы қауіпсіздік тақырыбында 928 диалог өткізіліпті. Бір ғана өткен тамыз айында 78 диалог жүргізілген екен. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстар жыл сайын қарқын алып, жаңаша сипатқа ие болуда. Әсіресе, өндіріс саласына жаңадан қызметке орналасқан жас маман үшін мобильді қосымшаның пайдасы мол. Өткен 8 айдың ішінде өндірістік қауіпсіздік жүйесінде ұлттық компания көлемінде орын алған көптеген оқыс оқиғалар мен ақаулықтар туралы бюллетеньдермен таныстыру өткізілген. Әсіресе семейлік қозғалыс саласында еңбек ететін теміржолшылардың белсенділіктері жоғары.  

– Жалпы, «KTZ HSE» мобильдік қосымшасын тіркеу кезінде анықталған ескертулердің нәтижелерін қарап, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котыревтің төрағалығымен өткен комиссия біздің филиалдың депосы мен станциясының 12 қызметкерін марапаттады. Соның ішінде бір қызметкер – 20 АЕК, үш қызметкер 130 АЕК көлемінде сыйлық алды. Тағы бірқатар теміржолшыларымыз 2, 4 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі марапаттарға ие болды, – дейді бұл орайда бөлімшенің еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімінің мамандары.  

Аталмыш жүйе аясындағы жұмыстарға негізінен ішкі  бақылау жататынын ескерсек, бүгінде бөлімше басшылары еңбек қауіпсіздігінің жай-күйін қадағалауға баса назар аударуда. Бұл орайдағы негізгі міндет еңбекті қорғау бойынша барлық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру, жұмыс орындарын тексеру және анықталған кемшіліктерді жою болып отыр. Басты мақсат әрине бөлімше бойынша «нөлдік травматизмге» қол жеткізу болып табылады. Сондықтан әрбір қызметкер нөлдік деңгейге жету үшін өндірістік қауіпсіздік жүйесінің маңыздылығын жақсы түсінеді. Соның бір нәтижесі болса керек, өткен сегіз айдың ішінде шығыстағы теміржолшылар арасында жұмыс орнында өндірістік жарақаттану жоқтың қасы, бірде-бір бақытсыз оқиға тіркелмеген.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті