Цифрлық технология: Қозғалысты басқару әлдеқайда жеңілдеді

Цифрландыру
25.08.2023, 09:53
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Тамыздың 22-23 күндері Ақтөбеде өңірлік пойыздар қозғалысын басқару орталықтарының жұмысы мен олардың өзара байланысын ұйымдастыру және цифрлық трансформация мүмкіндіктерін арттыру тақырыбына арналған жиын өтті.

Екі күндік көшпелі жиынға «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің басшылық құрамы мен барлық аймақтағы өңірлік орталық өкілдері қатысты. Арнайы бағдарлама бойынша өткен шарада осы жылдың жеті айы бойынша ӨПҚБО (РЦУП) пайдалану жұмысының есебі талқылданып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Заманауи талапты жетілдіру мен дамыту, бизнес-процестердің тиімділігі сөз болды. Локомотивтерді ұтымды пайдалану мен бос тұруын болдырмау мәселесі жеке қарастырылды.  

Халықаралық тасымалдағы жүк пойыздарын қалыптастыру жоспары таныстырылып, 2023-2024 жылдарға арналған вагон ағындары, магистральдық желі тиімділігін арттыру және 2023-2024 жылдарға арналған жүк пойыздарын қалыптастыру жоспары талқыланды.  

Ресми кездесуден кейін жиналғандар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы пойыздар қозғалысын басқаруды ұйымдастырып отырған Орталық жұмысымен танысып, диспетчерлермен тілдесіп, ситуациялық жағдайларды талқыға салды.  

«Пойыздар қозғалысын бір орталықтан басқару аймақтар үшін өте тиімді. Қозғалысты басқару әлдеқайда жеңілдеді. Автоматтандыру, сандық технология үрдіс алып, ақпараттық заманға кіргеніміз сезілді», – деген диспетчерлер өңірлік пойыздар қозғалысын басқару жобасының қай жағынан болса да пайдалы болғанын тілге тиек етті.  

Расымен, бүгінде Пойыздар қозғалысын басқару орталығындағы диагностикалық кешен, ІТ-жүйе ішкі тасымалдау процесін қағазсыз жүргізу заманауи талапқа сай жұмыс істеуге толықтай мүмкіндік беріп отыр.  

«Кездесу өте ауқымды да мазмұнды, жоғары деңгейде өтті. ҚТЖ-дан тиісті басшылар арнайы келіп қатысты. Алматы мен Астанадағы пойыздар қозғалысын басқару орталықтарының басшылары келді. Мұндай басқосу барлық жағынан тиімділікті арттыра түсуге септігін тигізбек», – деді Ақтөбедегі «Пойыздар қозғалысын басқару» орталығы бастығының орынбасары Мағауия Амантайұлы.  

Айта кетейік, Ақтөбедегі «Пойыздар қозғалысын басқару» орталығы 2020 жылдың қазан айынан бері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда мұнда 23 пойыз учаскесі бар, оның жетеуі біріктірілген. Батыс өңірінің жалпы ұзындығы 5 031 шақырымды құрайды.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті