Сандық жүйеге көшу – уақыт талабы

Цифрландыру
14.10.2025, 10:23
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету – «ҚТЖ» ҰК» АҚ цифрлық трансформацияның негізгі бағыттарының бірі. Соңғы жылдары компания бақылауды автоматтандыруға, тәуекелдерді азайтуға және теміржол инфрақұрылымының тұрақтылығын арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асырды.

Мәселен, 2024 жылы қозғалыс қауіпсіздігі тәуекелдерін басқаруға мүмкіндік беретін «Қозғалыс қауіпсіздігі тәуекелдерін талдау» автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Жүйе басқарудың барлық деңгейлері бойынша және жолаушылар, жүк тасымалы шаруашылықтары мен инфрақұрылым дирекциясы бөлінісінде тәуекел факторларын санаттай отырып, есептер қалыптастырады. Тәуекел деңгейі жоғары аймақтар бойынша тәуекелдерді жедел бақылау мен басқарудың тиімділігін арттыру үшін түзету шараларын әзірлеу көзделген. Сондай-ақ компанияда тәжірибелік пайдалану сатысында «Қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйелері» автоматтандырылған аудит жүйесі бар. Бұл аудит жүргізу сапасын арттыруға және қабылданатын шаралардың тиімділігін бағалауға арналған құрал болып отыр. Жүйе аудит процестерін ретке келтіруді, деректерді орталықтандырылған өңдеуді және жауапты орындаушылар орындайтын түзету әрекеттерінің нәтижелілігін талдауды қамтамасыз етеді.  

Ал келесі кезекте іске асыруды күтіп, «Станцияларды комиссиялық айлық тексеру» автоматтандырылған жүйесі тұр. Бұл жүйе станцияларда анықталған сәйкессіздіктер туралы деректерді жинауды қамтамасыз етуге, сонымен қатар есепке алуды жүргізуге, жедел шешім қабылдауға, сондай-ақ инфрақұрылымның, құрылыстардың, жабдықтардың және қызметтік-техникалық ғимараттардың ақауларын тиімді жоюға талдау және бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл барлық автоматтандырылған жүйелерді компанияның өзіндік дамуының оң көрсеткіші дер едік.  

Цифрландыру халықаралық тасымалдардың драйвері ретінде транзиттік көлемді ұлғайтуға ықпал етті. Сөзіміз сүйекті болу үшін 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде транзиттік тасымалдардың көлемі 14,6 млн тоннаға жеткенін және бұл цифрлық шешімдердің арқасында мүмкін болғанын атар едік. Сонымен қатар сандық жүйенің дендеп енуі Қазақстанның жаһандық интеграциясын қамтамасыз етуде. Мәселен, еліміз Қытай, Ресей, Венгрия, Беларусь, Әзербайжан, Грузия сияқты негізгі логистикалық тораптарда өзінің географиялық қатысуын кеңейтуде, бұл әрине халықаралық маршруттарды жеңілдетіп, сонымен қатар балама көлік дәліздерін қалыптастырады. Яғни цифрландыру жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, маршруттар арасында икемді ауысуға мүмкіндік береді.  

Цифрлық шешімдерді енгізу пайдалану шығындарын қысқартуға және логистикалық операциялардың ашықтығын арттыруға мүмкіндік берді, Қытай – Еуропа бағыты бойынша тасымалдау көлемі бір жылда 65%-ға өсті, ал Қытай – Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздардың орташа жылдамдығы 2025 жылға қарай тәулігіне 1400 км нысаналы көрсеткішпен тәулігіне 1150 км-ге жетті.  

Осылайша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да цифрландыру – бұл жай ғана технологиялық тренд емес, Қазақстанды Еуразияның негізгі логистикалық хабына айналдыратын стратегиялық құрал болып отыр. Ал инновациялардың арқасында транзиттік жүктер жылдам, қауіпсіз және ашықтықтың жоғары дәрежесімен жеткізіледі.  

Алдағы жылдары компания негізгі ақпараттық жүйелерді жаңартуға, процестерді автоматтандыруға және клиенттер үшін цифрлық қызметтерді кеңейтуге көңіл бөлмек. Бір ғана мысал, «Huawei Technologies Kazakhstan» ЖШС-нің аппараттық қолдауымен Nize Intelligent Technology Co. Ltd компаниясы әзірлеген Jetisu терминалында модульдік TOS жүйесін енгізу жоспарлануда.  

Жүйе терминал жұмысының, атап айтқанда көліктің кіруінен бастап жүктерді есепке алуға дейінгі барлық кезеңін автоматтандырып, қойманы, контейнер алаңын, коммерциялық көлікті басқару модульдерін, сондай-ақ аналитикалық панельді және сыртқы жүйелермен интеграцияны қамтитын болады. Мұндай шешімдер жүктерді өңдеудің дәлдігі мен жылдамдығын арттыруға, тоқтап қалу уақытын және қол еңбегіне жұмсалатын шығындарды азайтуға, операциялардың онлайн-мониторингі мен ашықтығын қамтамасыз етуге, жүйені қайта жобалаусыз басқа терминалдарға масштабтауға мүмкіндік береді. Компания жүк, жолаушылар және транзиттік тасымалдар саласындағы ақпараттық жүйелерді дамытуға, инфрақұрылымды цифрландыруға, атап айтқанда мониторинг, диагностика және қозғалысты басқару технологияларын енгізуге, онлайн-қызметтер, электрондық билеттер, цифрлық терезе үшін платформаларды жетілдіру және eGov-пен интеграциялау, бұлтқа көшу арқылы ИТ-ландшафтты жаңғырту, орталықтандыру және қауіпсіздікті жақсарту, сондай-ақ басқару шешімдерін қолдау және логистиканы оңтайландыру үшін аналитика мен ЖИ-ді қолдану құралдары бойынша клиенттік сервистерді нығайтуға назар аударуды жоспарлап отыр.  

Ұлттық компанияның цифрлық трансформациясы аясындағы барлық жұмыс кезең-кезеңмен және салалық ерекшеліктерді ескере отырып, отандық және халықаралық әріптестермен ынтымақтастықта жүргізілуде. Бұл ретте цифрландыру Қазақстанның теміржол саласының ашықтығын, тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған.

 

 

Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл