Аягөз станциясында жүк тасымалының құжаттары 100 пайыз цифрланды

Цифрландыру
26.01.2026, 11:43
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Аягөз станциясында жылдың алғашқы айы қарбаласпен басталды. Басты себеп, тапсырыс көлемінің өсуіне байланысты  түсірілетін жүк көлемінің артуы болып отыр. Өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда станция бойынша жүк айналымының өсімі әлдеқайда жоғары.

Соңғы тәуліктерді есепке алсақ, аязды күндердің өзінде орта есеппен бір мезетте 60-тан аса вагон жүк қабылданған. Оның 90 пайызын Дегелең станциясында тиелген жоғары сұрыпты көмір құрайды. Қалған вагондар негізінен алғашқы қажеттіліктегі азық-түліктер мен тұрмыстық тауарлар. Қысқы мезгілде Аягөз өңіріне әсіресе сусындар мен сүт өнімдері, жеміс-жидектер негізінен жүк пойызы арқылы ғана тасымалданады. Себебі аймақтағы қолайсыз ауа райына байланысты автокөліктердің жолда қалу фактілері күрт жиілейді. 

 

– Соңғы жылдардағы қаңтар-ақпан айларын бұрынғыдай жүк айналымы саябырлайтын өліара кезең деп атауға келмейді. Вагондардың келу-кету құжаттарын рәсімдеу, қабылдап алу-жөнелту жұмыстарынан бас көтере алмай жатырмыз. Жүк қабылдап-жөнелту ісі екі есеге дейін өсті. Науқандық шаралар аясында әрине қатты отын жеткізу жұмыстары бірінші кезекте тұр. Соның нәтижесіне өңдеп, өндіріске жіберілетін құжаттар саны да еселеп өсуде. Бүгінде тәулігіне 50-60 вагон қабылдау – қалыпты жағдай, – дейді бұл орайда пікір білдірген Аягөз станциясының тауар кассирі Азамат Болатұлы.

Өткен жаз бен күз жаңа Бақты – Аягөз теміржол телімінің салынуына орай толаскездер көп болып, жүк көлемі еселеп өсіп, вагондар саны да күрт артқан болатын. Бұл үрдіс түсіріліп-тиелетін жүктермен алмасып отыр. Оның сыртында Аягөз өңіріндегі кәсіпорындар қазіргі күні 90 пайызға жуық теміржол көлігін пайдаланады екен. Бұл орайда бірінші класты Аягөз станциясының бастығы Қуаныш Әміреновтің айтуынша, тауар кассасында жүкті жеткізу бойынша клиенттермен жүргізілетін жүк құжаттарының легі 100 пайыз электронды түрде атқарылады. Яғни заманауи цифрлық технологияның игілігін көріп отыр. Құжаттарды өңдеудегі технологиялық үдеріс, заманауи жаңашылдықтардың нәтижесінде атқарылатын жұмыс көлемінің бұлайша артуы аягөздік теміржолшыларға айтарлықтай қиындықтар әкелмепті.  

Жалпы, Аягөз станциясындағы өндіріс барысы талап үдесінен толық табылуда. Сондықтан болар, айлық және жылдық жоспарларды асыра орындап, өткен 2025 жылды толағай табыспен қорытындылады. Вагон айналымы да жоғарылады. Әсіресе жүк вагондарын Аягөз станциясы арқылы өткізуде транзиттік көрсеткіш артығымен орындалды. Сондай-ақ жыл бойы пойыз және маневрлік қозғалыс барысында да ешқандай ақау болған жоқ.  

Соңғы өткен тораптық жиын барысында Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Алмас Сейсемқанов барша аягөздік теміржолшылардың еңбектерін атап өте келе, әсіресе станция қызметкерлерінің үлесін жоғары бағалады.  

 

 

Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл