Жасанды интеллект: Цифрлық сервистің жаңа кезеңі

Цифрландыру
10.02.2026, 09:35
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде Семей теміржолындағы қолданысқа енгізілген цифрлық технологиялар стратегиялық маңызы бар бағыт саналады. Желі бойындағы IT-инфрақұрылымды дамыту, цифрлық сервистер енгізу, деректерді өңдеу орталықтарын құру, қызметтерді автоматтандыру іс-шараларының көрсеткіштерді еселеуде берері мол.

Мәселен, осыған дейін теміржол көлігі саласындағы электроэнергия және дизель отынын тұтынуды есепке алу, бақылау және талдау бойынша процесті кешенді автоматтандыру және ақпараттық қолдау іс-шаралары жүзеге асырылды.  

Оның сыртында «Транстелеком» АҚ Семей филиалы шағын станцияларды кең жолақты ғаламтормен қамту үшін талшықты-оптикалық және LTE желілерін салды. Нәтижесінде, Локоть – Дегелең, Семей – Ақтоғай учаскелері интернетке қосылды. Бір бұл емес, теміржол нысандарын Wi-Fi желісіне қосу да Жаңа-Семей – Шар, Шар – Аягөз, Аягөз – Ақтоғай телімі бойынша орындалды. Маңыздысы, Семей теміржолына жаңа буынның технологиясы – 5G интернеті келді. Шағын станцияларда теміржолшылар цифрлы телеарналармен де қамтамасыз етілді.  

Десек те, ендігі аралықта Семей теміржолы бүкіл аймақтағы өзге де қызметтік салалармен бірге цифрландырудың жаңа кезеңіне аяқ баспақ. Жуырда аймақ әкімдігінде атқарушы билік өкілдері «Транстелеком» АҚ өкілдерімен кездесіп, өңірде жүзеге асыру үшін ұсынылған цифрлық жобалармен танысты.  

Кездесуде «Транстелеком» АҚ басшылығы аймақтағы цифрландыру, қауіпсіздік және инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жобаларды таныстырды.  

Тың жобалар қатарында теміржол вокзалдары тәрізді қоғамдық орындарға бейнебақылау мен жасанды интеллект негізіндегі қауіпсіздік жүйелерін енгізу, желілік инфрақұрылымды жаңғырту және бірыңғай басқару жүйесін құру да бар. Бұл шешімдер әкімшілік басқарудың тиімділігін күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ шалғай елді мекендердегі нысандарды жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту мақсатында спутниктік байланыс технологияларын пайдалану, сыртқы жарықтандыруды басқарудың «ақылды» жүйесін енгізу, қоғамдық кеңістіктерде заманауи цифрлық сервистерді дамыту жобалары да ұсынылды.

Семей бөлімшесі АСУ бөлімі мамандарының айтуынша, бүгінде желі бойына магистральды талшықты-оптикалық байланыс орнату, IPVPN желісіне қолжетімділік, сонымен қатар бейнеоконференцбайланыс, хостинг қызметі жаңа сатыға көтерілген. Десек те, теміржол саласына арналған негізгі цифрлық шешімдерді жүзеге асыру енді басталды. Атап айтсақ, тасымалдаудың қауіпсіздігін, тиімділігін және сенімділігін арттыруға бағытталған пойыздардың ақауларын алдын ала болжайтын және тұрып қалу уақытын қысқартатын ақылды Smart-ДЕПО, қозғалысты, кестені және энергия тұтынуын басқару жүйесі – Smart-Диспетчер, машинистке қауіпсіз және үнемді жүргізуге көмектесетін Цифрлық локомотив борты сынды цифрлық шешімдер бар. Бұл ретте теміржол саласындағы цифрлық жүк ресурстарын жоспарлау және басқару жүйесі мен жүк бөлінісі платформасын жасанды интеллект көмегімен оңтайландыру кезек күтуде.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мәселесіне айрықша назар аудара отырып: «Цифрландыру – экономиканың тиімділігін арттыратын, басқарудың сапасын жақсартатын және азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеретін басты фактор» деп атаған болатын. Бұл ретте «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Цифрлық трансформация» бағдарламасының Семей теміржолында нәтижелі түрде іске асып жатқанын сеніммен айта аламыз, – дейді филиал бастығының АСУ бойынша орынбасары Ерғазы Жұмаділов.  

 

Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары