Цифрландыру еңбек өнімділігін арттыруда

Цифрландыру
03.06.2019, 19:01
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Теміржолды цифрландыру – өңірлер арасындағы байланысты жақсартып, тауарларды белгіленген жерге дейін жеткізудегі кететін шығыстарды төмендету есебінен экономиканың дамуына қуатты серпін береді. Көлікті және логистиканы цифрландырудағы негізгі міндет – транзиттік жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту және уақытты қысқарту. Бұл Қытайдан Қазақстан арқылы барлық бағыттар бойынша: Еуропаға, Түркияға және Иранға темiр жолдағы транзитті жүк тасымалының көлемiн едәуiр көбейтеді деп күтiлуде.

Зияткерлік көліктік жүйені (ЗКЖ) енгізу арқасында Қазақстанның өңірлері мен халықаралық байланыс арасында сапалы және қауіпсіз жол инфрақұрылымы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, ол бейнебақылау, жол қозғалысын басқаруды, жүргізушілерге ауа райы жағдайлары туралы ескертуді және көлік қызметтеріне электрондық төлем қызметтерін біріктіреді.

Осыған орай, Шымкент Жүк тасымалы бөлімшесінде биыл ақпаннаурыз айында 2015 жылдың соңында жоспарланған «Соңғы шақырымды» іске қосу» жобасы бойынша Арыс, Шымкент, Түлкібас, Қазығұрт станцияларына талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды. «Соңғы шақырым» толықтай іске қосылғалы «ҚТЖ» ҰК» АҚ мәліметтерді бұдан да жылдам беруді қарастыруда. Аталған шара байланыс каналдарының өткізу қабілетін ұлғайтып, автоматты жұмыс орны (АРМ) арқылы ақпараттарды өңдеудің жұмысын айтарлықтай жылдамдата түседі. Айта кетейік, Шымкент ЖТ бөлімшесінде АСУ ДКР 23 станцияға қосылған, ал 6 станцияға бұл жүйе әлі қосылмаған. Олар – Ынтымақ, Қостүйін, Қарақоңыр, Шеңгелді. 

Оның себебін мамандар аталған станцияларда жылына жүк жұмыстарының көлемі 10-15 вагоннан аспайтындығында деп түсіндірді. Ал Жылға мен Жетісай станциясында тауар кассирлері штаты мен қабылдау датчиктері жоқ болғандықтан қосылмаған. Өткен жылдың маусым айында Қызылсай, Меңлібай, Текесу, Тоғыс, Шымкент станцияларындағы жүк тасымалы жұмыстарына АСУ ДКР, сонымен қатар, вагон арту, беру бойынша және кіреберіс жолдарда вагондарды жинау жұмыстарының функциясы да іске қосылды. Өз кезегінде, жүк артушылар ГУ-12 формасында өтініш тастайды, АСУ ДКРде ол өтініштер ГУ-11 формасында түзетіліп, қайта өңделеді.

Айталық, барлық ЖТ бөлімшелерінің кәсіпорнында электронды құжат айналымы жүйесі енгізілді. Жүйе электронды түрде құжаттардың жұмысын автоматтандырады. Сонымен, ЭДО жүйесі 387 жұмыс орнына орнатылған. Оның 81-і жүк тасымалы бөлімшесінде болса, 148-і – станцияларда, вагон және локомотив деполарында 45 және 13 болып отыр.

Бүгінде конференция үшін Microsoft Lync бағдарламасы енгізіліп, пайдалануда. Бұл іссапар шығындарын оңтайландырып, селекторлық байланыс пен үлкен көлемді жүктердің файлын жөнелтуге арналған. Шымкент ЖТ бөлімшесі 626 компьютер, 566 оргтехникамен қамтылған. Электронды вагон таразысы 1 дананы құрайды.

Айта кетейік, Сарыағаш станциясында МП 8300 ТД-50 маркалы электронды вагон таразысы орнатылған. Электронды таразы Сарыағаш станциясының тақ жолына 3343 км жердегі «Н» сигналы кіреберісіне орнатылған. 2007 жылы пайдалануға берілген таразы қозғалып кетіп бара жатқан вагонның салмағын өлшеуге арналған. Алайда осы таразы ауа райына байланысты үнемі ақауға ұшырайды. Кейде есептеу барысында локомотив құрамын ортасынан бастап көрсетсе, кейде пойыздардың өтіп жатқанын мүлдем көрсетпей қалады екен. Себебі, датчик өте әлсіз, ескірген. Ол таразыны жөндейтін маман жоқ болғандықтан, датчиктің не себепті жұмыс істемей тұрғандығы анықталып, кедергілер жойылмаған. Сонымен қатар, құрылғыға капиталды жөндеу жұмыстары да жүргізілмепті. Ал шындығында электронды таразыларға 8 жылда бір рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс екен. Өкінішке қарай, қазіргі таңда таразыны жөндеп, қарайтын маман жоқ болып тұр.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты