Теміржолдағы цифрлық жүйенің жемісі

Цифрландыру
31.07.2019, 12:29
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жартыжылдықта Аягөз байланыс және белгі беру дистанциясының теміржолшылары үшін елеулі жаңалықтар орын алды. Атап айтсақ, Ақтоғай станциясынан Шарға дейінгі аралықтағы телім бойына қызмет көрсететін ШЧ-30 мекемесі байланыстың заманауи тәсілі – цифрлық жүйеге толық көшіріліп, озық технологиялармен жабдықталды. Бұл өз кезегінде өндіріс көрсеткіштерін жақсартып, тиімділік пен үнем әкелді. 

Жаңа технологияны игеру бағытындағы шараларды жүзеге асыру аягөздік байланысшы-теміржолшылар үшін оңайға түскен жоқ, әрине. Ең алдымен белгілі бір жол айрықтарындағы байланыс құрылғыларын жаңарту қажеттілігі туындапты. Соның аясында бүгінде дистанция қарамағындағы барлық станциялар бойынша теміржолдағы цифрлық жүйе өзегі саналатын DX-500 жедел технологиялық байланыс жүргізу құрылғысы толығымен монтаждалып, орнатылды. Ендігі аралықта бөлімшедегі диспетчерлер байланысы бұрынғыдан да жақсарып, сапа тұрғысынан арта түскен.

Бір бұл емес, жол айрықтарындағы байланысшылар жұмысының сапасын арттыру мақсатында прожекторлық бағдаршамдарды заманауи линзалық белгі беру құрылғыларына алмастыру жұмыстары да жүргізілді. Міне, осы шараның аясында, 30-шы жол айрығындағы СЦБ құрылғысы жаңа модульдік типте гі нысанға ауыстырылған. Бұл жұмыстар өз кезегінде байланыс жүйесін жақсартып қана қоймай, қызмет барысына ыңғайлылық та тудырыпты.

Осы тәріздес жұмыстар желі бойындағы Үшбиік, Таңсық станцияларында да орын алды. Атап айтсақ, тақ және жұп бағыттағы КТСМ-02 жабдықтары да жаңадан салынған модульдерге көшірілген. Сол тәрізді ескірген реле шкафтары заманауи релелік жабдықтарға ауыстырылыпты. Мұндай шаралар Жүзағаш, Егізқызыл, 7-ші жол айрығы, Нарбота станциялары мен 27-ші жол айрығында да орнатылды.

Сонымен қатар, бүгінде желі бойындағы жұмыс сапасын арттыру үшін КТСМ-2 құрылғысының бірліктері қолданылуда. Бұл жабдықтау мен автоматтандыру бойынша қабылданған ауқымды жоспар аясында іске асып отыр. Жаңарту мен жаңғырту бағытындағы іс-шаралар әлі де жалғаса бермек. Оған білікті басшы Айдос Жұлдызбаев жетекшілік ететін аягөздік белгі беру-байланыс дистанциясынынң материалдық-базалық құрылымы толық мүмкіндік береді.

Тоқтала кетер жайт, Жаңғызтөбе, Желдіқара, Көшкентал, Қапанбұлақ, Алтынқолат сынды тағы бірқатар станциялар бойынша КПТШ-515 құрылғысы ТМ-15 пен ТМ-17 құрылғыларына ауыстырылды. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті