Техникалық дәріс - онлайн режимде

Цифрландыру
17.04.2020, 09:06
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел көлемі бойынша жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты теміржолшылар техникалық сабақты онлайн режімде өткізуге кірісті. Жоспардан тыс және толықтыру мақсатында өткізілетін дәрістер мен өзге де инструктаж түріндегі шараларды да уақытша тоқтата тұруға тура келген.

Теміржолшылардың топталмауы үшін, яғни, індеттің таралу қаупін төмендету мақсатында қазіргі күні сала қызметкерлері үшін емтихан тапсыру, тексеріс жүргізу сынды шаралар да уақытша тоқтап тұр. Бұл жайт өз кезегінде техникалық дәрістерге басымдық беруге алып келді.

Бүгінде Семей теміржолшыларының 70 пайызы қашықтықтан жұмыс жүргізуге көшкен болатын. Әйтседе, барлық қызмет бабымен жүзеге асырылуда. Соның ішінде техникалық дәрістер де жоспарға сай жүргізілуде. Айырмашылығы – аймақ бойынша орын алған күшейтілген шектеулерге байланысты мұнда да тех.сабақтар онлайн тәртібімен жүргізіледі.

Семейлік техникалық дәріс беруші жетекші инженерлер қазіргі қалыптасқан жағдайға тез бейімделді. Аптаның белгіленген уақытында сабаққа қатысушы барлық теміржолшылар үшін қашықтықтан дәріс берілуде. Ол үшін компьютерлер мен ноутбуктар пайдаланылады.

Барлық теміржолшылар дерлік аталмыш құрылғылармен толықтай қамтамасыз етілген. Кейбіріне арнайы шартпен қажетті құрылғылар берілген. Оларға бейнебайланыс үшін аса қажетті компьютерлік бағдарламалар орнатуға да мекемелер тарапынан елеулі көмек көрсетілген.

Осылайша, қазіргі күні техникалық дәріс өткізу үшін zoom, skype және watsapp байланыс желілері арқылы онлайн конференциялар ұйымдастырылуда. Қашықтықтан дәріске қатысушы теміржолшылар орындалған тапсырмаларды, берілген сауалдарға жауаптарды жеке электронды пошта арқылы жібереді. Яғни, дәріс барысы 100 пайыз ғаламтор арқылы жүзеге асады.

Ал, дәріс аясындағы құжаттамалар мен әдебиеттер, материалдар мен нұсқаулықтарды алу үшін, қажет болған жағдайда қала ішінде жүруге құқық беретін арнайы рұқсаттамасы бар теміржолшыға бөлімшеге немесе мекемеге келуіне кедергі жоқ. Жалпы, бұл ретте процесс барысы қазіргі күнгі мектептегі білім беру тәсілдері мен әдістемелерін еске түсіреді.

Жылдық жоспар бойынша алғашқы тоқсанға белгіленген дәрістердің бірқатары осы тәсілмен өткізіліпті. Атап өтерлігі, бұл шаралар бөлімшеге қарасты станциялар мен локомотив және вагон пайдалану деполарының цифрлық технологияға көшу барысы мен компьютерлік-техникалық жарақтандырылуы үшін де үлкен сынақ болған.

- Басты тақырып әлбетте әрдайым бірінші кезекте тұратын қозғалыс қауіпсіздігі және еңбекті қорғау. Бұл ретте кәсіби тұрғыдан біліктілік шыңдау, тәжірибе алмасу қазіргі күні де тоқтатылмады. Күшейтілген төтенше жағдай кезінде де бұл мәселелер күн тақырыбынан түспек емес, - дейді қозғалысшылар үшін техникалық дәріс өткізуші тәжірибелі маман Еркін Тойкенов. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті