Жаһанжеліге жаппай қолжетімділік

Цифрландыру
06.10.2020, 18:08
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінгі таңда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша цифр- ландыру, жаңа ақпараттық технологиялар игілігіне сүйену мәселелері алғашқы орында тұр. Президент Жолдауының басымдықтары аясынан туындайтын осы шаралар бойынша ағымдағы жылы да ілкімді жұмыстар жүргізілді.

Атап айтсақ, бөлімшеге қарасты Жаңа-Семей-Шар, Шар-Аягөз телімі аралығындағы бірқатар шағын станцияларда тұратын теміржолшылар отбасы биыл ғаламторға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Аталмыш шараларды Транстелекомның Семей филиалы қызметкерлері шалғайдағы елді мекендерді «Кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы аясында іске асыруда. Ауқымды шара елімізге соңғы жылдары енгізілген жаңашылдық – талшықтыоптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша іске асырылыпты. 

Жалпы, аталмыш жоба халық саны 250 адамнан асатын, қалалардан неғұрлым шалғайда орналасқан елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуді көздейді. 

Соның аясында бұрынғы Жарма жол дистанциясына қарасты аумақтағы 15 елді мекен жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды. Оның ішінде Семей транстелеком филиалы мектептер мен ауылдық амбулаториялардан тұратын 53 мекемені де мемлекеттік бағдарлама аясында ғаламторға қосыпты. Араларында Семей ЖТ бөлімшесімен жүк тиеу, түсіру бойынша әріптестік орнатқан бірқатар өндіріс орындары да бар. Нәтижесінде өңірдегі талшықты-оптикалық желілердің жалпы ұзындығы 138,850 шақырымнан асқан. Ендігі аралықта жергілікті теміржолшылар қауымы онлайн құжат рәсімдеу, электронды үкімет қызметіне сүйену, қашықтықтан дәріс алу сынды игіліктерді ғаламтордың көмегімен ала береді деген сөз. Әсіресе, мектеп пен ауруханалар қызметіне ғаламтор арқылы да жүгіне алатындықтарына риза. Бір бұл емес, жыл аяғына дейін тағы 200-ден аса абонентті жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланып отыр. 

Ғаламтор игілігін айқын сезінген теміржолшылар кенті – Суықбұлақ станциясының сала қызметкерлері интернетке қосылумен бірге тіршілік барысы бұрынғыдан көп жеңілдегенін айтады. Жаңа оқу жылына дейін 350 абонент жаһанжеліге жалғаныпты. 

Отбасы мүшелерінің білім ордалары, ауруханалармен байланысы да осылайша жаңаша жолға қойылған. 

– Көзделген мақсат айқын, қазақстандықтардың цифрлық әл-ауқатын арттыру. Осы орайда аталмыш бағыттағы жұмыстарды алдағы жылы да жалғастыру жоспарланып отыр. Тағы да 13 елді мекен тұрғындарын интертнетке қосамыз, Интернетке жаппай қолжетімділік орнатамыз, – дейді бұл ретте «Семейтранстелеком» филиалының қызметкерлері. 

Жаңалықтар
05.08.2026
Теміржолшылар 53 теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді
Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды