Вагон қараушылар жұмысы автоматтандырылады

Цифрландыру
13.07.2021, 16:52
«Вагон пайдалану депосын автоматтандыру» жобасы пилоттық режимде Атырау және Алматы қалаларындағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС вагон депосында іске қосылады. Содан кейін сәтті тәжірибе басқа вагон кәсіпорындарына да таратылады. Жобамен мамандар төрт ай бойы жұмыс істеді. Ол вагон тексерушілердің жұмысын автоматтандырады, бизнес-процестердің ашықтығын арттырып, вагондарға техникалық қызмет көрсету уақытын қысқартады және өндірістік қауіпсіздік бұзушылықтары санын азайтады. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Қанат Көбесов "Инновациялық логистика жүк иелеріне көліктік қызмет көрсету сапасын жақсарту құралы ретінде" атты дөңгелек үстел барысында айтты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, KAZLOGISTICS көліктік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы, Көлік және коммуникациялар ғылыми-зерттеу және жобалау институты, Қазақстандық тасымалдаушылар және вагон-контейнерлер операторлары қауымдастығы, ҚР Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы кездесулер өткізудің бастамашылары болды. Қазіргі уақытта пайдалану вагон деполарындағы тапсырмалардың көпшілігі қолмен шешіліп келеді. Вагон тексерушілер хабарлама дәптерін жүргізеді, онда олар вагондардың жай-күйі туралы деректерді жазады. Анықталған ақаулықтар және вагонды жөндеуге ағытуды жүргізу қажеттілігі туралы тексеруші техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон операторына парктік радиобайланыс арқылы хабарлайды, содан кейін қажетті формаларды ресімдеу үшін кеңсеге келеді. Жобаны іске асырғаннан кейін тексерушілер қағазбастылықтан босатылады. Мобильді қосымшаны енгізу уақытты үнемдеп, деректерді беру кезінде қателер болдырылмайды. Электронды құжат нақты уақыт режимінде вагонды қарау кезінде ресімделетін болады. «Тексерушілер мобильді қосымшада жылжымалы құрамды тексеру барысында анықталған ақауларды тіркеп, вагон операторының порталына деректерді жібере және кері байланыс ала алады. Құрамды қарау қорытындыларын келісу осы порталда жүзеге асырылатын болады. Вагон шаруашылығы жұмысына жаңа технологияны енгізу персоналдың технологиялық тәртіп деңгейін арттырады және жылжымалы құрамға қызмет көрсету сапасын жақсартады", - деп атап өтті Қанат Көбесов. Порталда ауысым мен тәулік үшін вагон депосының қызметі бойынша өспелі есептілік қалыптастырылады. Тәжірибені басқа вагон қызметтеріне таратқаннан кейін бүкіл ел бойынша бір депо, сондай-ақ вагон шаруашылығы бойынша талдау жүргізу үшін орталықтандырылған деректер базасы құрылатын болады. «Дөңгелек үстелге» қатысушылар инновациялық логистикалық технологияларды енгізу, жылжымалы құрамды жаңарту және жаңғырту, нормативтік құқықтық базаны, мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, персоналды кәсіби оқыту, көлік ғылымының мәселелерді шешуге белсенді қатысуы, жүк иелеріне көліктік-логистикалық қызмет көрсету сапасына байланысты мәселелерді шешетінін атап өтті. Сондай-ақ, көліктік сервисті арттырудың тиімді құралдары логистикалық аутсорсингті дамыту, «бір терезе» қағидаты бойынша жүк жөнелтушілерге кешенді қызмет көрсету модельдерін енгізу, логистикалық процестерді ақпараттандыру және цифрландыру болып табылатыны аталды.
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады