Семей теміржолында инфрақұрылымды дамыту көзделіп отыр

Инфрақұрылым
04.04.2023, 10:42
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржол саласында биылдан бастап бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылады. Бұл ретте алдағы екі жылдың ішінде ауқымды инвестиция тартылып, ел экономикасы үшін маңызды құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша осы жылға жоспарланған басымды міндеттің бірі желі бойына күрделі жөндеу жүргізу болып отыр.  

– Биылғы жылы бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруды межелеп отырмыз. Өңірімізге өте үлкен инвестициялар тартылмақ. Бірінші кезекте инфрақұрылымды дамыту көзделіп отыр. Соның ішінде ағымдағы жылы жалпы көлемі 85 шақырым болатын телім бойына күрделі жөндеу жүргізілмек. Мұндай жайт өңірімізде бұрын-соңды орын алып көрмеген. Сонымен қатар маңызды шаралар қатарында осыған дейін айтылып жүрген маңызды жоба, еліміз бойынша үшінші шекаралық теміржол телімі Аягөз-Бақты желісі салынбақ. Мемлекет басшысының өзі бұл жобаға аса мән беріп, назарға алып отыр, – дейді бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Владимир Бабиченко.  

Қазіргі таңда семейлік теміржолшылар өз жерлерінде жүргізілетін жоба бойынша даярлық шараларын пысықтауда. Бірінші кезекте жаңа телімнің пайдасы, берер игілігі сарапқа түскен болатын. Осы ретте тоқтала кетер жайт, өткен жылы Абай облысының Азия елдерімен Қытай өңірлерімен шекарамаңы саудасының арқасында жалпы тауар айналымы құрылымындағы үлесі іс жүзінде 54,1 пайызды құрапты. Бұл халықаралық валютамен есептегенде 35,9 млн АҚШ доллары деген сөз.  

Семей бүгінде ірі көлік дәлізі саналады және оның мүмкіндіктері жыл сайын артып келеді. Семей ЖТ бөлімшесінде жүк айналымын кеңейту бағытында түрлі шаралар қабылданып жатыр. 2024-2025 жылдарға жоспарланған ұзындығы 270 км болатын Аягөз-Бақты-Тачэн теміржолы өңірдің көлік-транзиттік әлеуетін арттыруға айтарлықтай әсер ететін жоба болғалы тұр.  

Жоба аясында бөлімше станцияларында да бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізу көзделуде. Басты себеп индустриалды аймақ резиденттері үшін арнайы қоймалары бар тұйық желілердің құрылысы басталмақ. Аталмыш шаралардың аясында өңірде «құрғақ порт», «логистикалық парк» құрылатын болады. Бұл орайда апта басында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы шекарамаңы ынтымақтастығының II достық диалогы барысында бұл мәселе кең көлемде талқыланды. Жалпы, аталмыш форум қорытындысы бойынша 16 құжатқа қол қойылған болатын. Демек, екі ел арасындағы әріптестіктің жаңа кезеңі семейлік теміржолшылар үшін де үлкен жауапкершілік жүктейді деген сөз.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті