Жаңа теміржол тарифі Қазақстанның магистральдық желісін дамытуды қамтамасыз етеді

Жаңалықтар
07.11.2025, 12:20

2025 жылғы шілдеде қолданыстағы тарифтік кезеңнің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты «ҚТЖ» ҰК»АҚ Табиғи монополияларды реттеу комитетіне магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне жаңа тарифті бекітуге өтінім жіберді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңа тарифті енгізу 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жоспарланып отыр. 2025 жылғы 28 қазанда Комитет бизнес, салалық қауымдастықтар және өзге де мүдделі тараптар өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізді. Тыңдаулар барысында компания тарифтік сметаның жобасын және тариф деңгейінің мәлімделген өзгеруінің негіздемесін ұсынды.

Тарифтің өзгеруінің негізгі себебі «Мойынты-Қызылжар», «Бақты-Аягөз», «Алтынкөл-Жетіген», «Бейнеу-Маңғыстау» учаскелерін салу мен жаңғыртуды, жалпы ұзындығы 2 000 км астам желілерде автоматты және жартылай автоматты бұғаттау жүйелерін орнатуды қамтитын теміржол инфрақұрылымын дамытудың инвестициялық бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ 11 мың км жолдың жөнделуін қамту мақсатында жол шаруашылығына күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі болып табылады.

Іс-шаралар ел басшылығының тапсырмасы бойынша орындалуда және магистральдық желіні дамытуға және оның тозуын төмендетуге бағытталған. Оларды іске асыру Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын, көлік-логистикалық әлеуетті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және теміржол көлігін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын қоса алғанда, мемлекеттік даму бағдарламаларында көзделген. 

Тарифтердің қолданыстағы деңгейі магистральдық желіні күтіп ұстауға және жаңартуға жұмсалатын нақты шығындардың жабылуын қамтамасыз етпейді және ұзақ мерзімді инфрақұрылымдық даму жобаларын іске асырудың кіріс көзін қалыптастырмайды.«ҚТЖ» ҰК» АҚ нарықты алдағы өзгерістер туралы уақтылы хабардар ете отырып, ашық тарифтік саясат қағидаттарын ұстанады. 

Мұндай талқылаулар «Атамекен» ҰКП алаңында іскерлік қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен бірнеше рет өткізілді.Компания инвестициялық шығындарды қайтаруды және магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін өтінімді қарау қорытындылары бойынша салмақты шешім қабылдауды күтеді.

Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде