Жол сапасымен қауіпсіз

Инфрақұрылым
04.04.2023, 11:09
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жыл сайын 500-600 км жолға күрделі жөндеу жүргізеді. Оның сыртында теміржолды ағымдағы күтіп ұстау және орташа жөндеу бар. Әйтсе де, бүгінгі таңда елімізде теміржол инфрақұрылымының тозу деңгейі 57% құрайды екен. Демек, жыл сайын 2500 км жолды жөндеуге қажеттілік бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасары Әнуар Ахметжанов «Expert Talks» пікірталас платформасында берген сұхбатында осындай мәліметтер келтірді. Айтуынша, жыл сайынғы күрделді жөндеу телімдердің барлық көлемін түгел қамтымайды, келесі жылға қала береді. Осылайша тозу деңгейі де өсе береді.  – Осыған орай жол жөндеу жұмыстарын дер кезінде жүргізу үшін қаржыландыру көздері туралы мәселе қашан да маңызды болып саналады. Бұл ретте біріншіден ойға келетіні – тариф. Яғни жыл сайын жасалатын жөндеу жұмыстары тарифке енгізілген. Аталған мәселеде аса маңызды сала – транзит туралы да тоқтала кеткен жөн. Транзиттік тасымал – Қазақстанда монополияға қарсы орган реттемейтін қызмет түрі. Бұл бізге инфрақұрылымды күтіп ұстау, жылжымалы құрамды, локомотив тартымын жаңарту, жолаушылар тасымалын субсидиялау үшін қажет қаржы жетіспеушілігінің орнын толтыруға мүмкіндік береді, – деді Ә.Ахметжанов.  

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көзіне тариф жатады. Теміржол қауіпсіздікке нұқсан келетіндей шығындарға түспеуі керек. Бұған дейін компанияда жүктердің негізгі 5-6 санаттары бойынша орташа тариф есептеліп, соның нәтижесінде ҚТЖ-дағы тариф Ресейге қарағанда 3 есе төмен екеніне және Белоруссияға қарағанда 30-40% аз екеніне көз жеткізілген.  

Жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың екінші көзі – бюджет қаржысы. Әлемдегі елдерде теміржол инфрақұрылымын дамытуда бюджеттен тікелей қаржы бөлінеді. Қазақстандық теміржолшылар қаржыландырудың барлық нұсқаларын зерттеп көруде. Мысалы, инфрақұрылымдық жобаларды дамыту үшін компанияны капитализациялау. Атап айтқанда, Достық-Мойынты теміржол желісі жобасын ҚТЖ Ұлттық қорды тарту, яғни облигациялық займ арқылы жүзеге асыруда. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті