Қазақстанда жаңа темір жолдар салу үшін 2 млн-нан астам шпал мен 150 мың тонна рельс пайдаланылады

Инфрақұрылым
06.09.2024, 09:12
Оқуға 2 мин

«Қазақстан темір жолы» жалпы ұзындығы 1000 шақырымнан асатын темір жол құрылысы бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда. Мемлекет басшысы өз Жолдауында «жобалар мерзімінде және жоғары сапалы деңгейде аяқталуы тиіс» деп атап өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

 Бүгінде еліміздің әр өңіріндегі құрылыс алаңдарында күн сайын 5 мыңға жуық адам жұмыс істейді, 1300 астам техника жұмылдырылды.

 Қолданыстағы Достық – Мойынты желісі бойынша ұзындығы 836 шақырымды құрайтын екінші жолдар салынуда. Қазба жұмыстары 96 пайызға орындалды: 7 миллион текше метр жер қабаты құйылды. 550 шақырымға жуық жаңа рельс пен шпал торлары төселді. Осы жылдың өзінде Мойынты-Балқаш және Бескөл-Достық учаскесінде екінші жолдар бойынша пойыздардың уақытша жұмыс қозғалысын ашу жоспарлануда.       Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржол тармағының құрылысы белсенді кезеңде. Мұнда 73 км негізгі жол салынады. Жаңа бөлек пункттерді дамытуды қоса алғанда, барлығы 123 км салынады. Рельефтің күрделігіне байланысты жоба техникалық жағынан қиын болып табылады. Кейбір учаскелерде күрделі қиғаш су өткізгіш құбырлар орнатылады.  

Дарбаза – Өзбекстанмен мемлекеттік шекараға дейінгі ұзындығы 152 км  темір жолын салу үшін техника жұмылдырылды, аумақты құрылысқа дайындау жүргізілуде. Жер жұмыстары басталды, карьерлер әзірленуде.  

Жаңа темір жолдарды салу шеңберінде жаңа бөлек пункттер ашу, көпірлер мен автожол өткелдерін салу көзделген.Жобалар Үкіметтің, Көлік министрлігінің, облыс әкімдіктерінің және «Самұрық-Қазына» АҚ көмегімен жүзеге асырылуда.

Темір жолдарды салу шеңберінде жаңа бөлек пункттер ашу, көпірлер мен автожол өткелдерін салу көзделген. Жаңа темір жолдары елдің транзиттік-көліктік әлеуетін арттырып қана қоймайды және де  барлық қатынас түрлері бойынша жүктердің жаңа көлемін тартуға мүмкіндік береді. Құрылыс кезеңінде жобалар бір бірімен байланысты салаларға үлкен мультипликативті әсер етеді. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын отандық мердігерлік ұйымдар орындайды. Рельстер, шпалдар, құрылыс материалдары қазақстандық кәсіпорындардан сатып алынады. Жаңа темір жол магистральдарын салу үшін 150 мың тоннаға жуық рельс, сондай-ақ бекітпелері бар 2 млн астам темірбетон шпалдары сатып алынатын болады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды