Теміржол әлеуеті сөз болды

Инфрақұрылым
22.08.2025, 08:44
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Осы аптадағы Үкімет отырысында теміржол саласын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды. Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов және басқа да министрлік басшылары қатысты. Отырыста Қазақстанның транзиттік-логистикалық әлеуетін аттыруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар мен жобалар сөз болып, соңында Үкімет басшысы тиісті органдарға тапсырма берді.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын дамыту жөнінде берген тапсырмаларының жүзеге асу барысы туралы баяндады. Қазіргі таңда теміржол желісінің жалпы пайдалану ұзындығы 16 мың шақырымды құрайды. Тасымал тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін 2029 жылға дейін 5 мың км жаңа жол құрылысын салу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар 11 мың км жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Министр мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстырды. Соңғы жылдары Ресей мен Өзбекстан бағыттарында өткізу қабілетін арттыру мәселесі толығымен шешілді. Мысалы, Сарыағаш түйіспесінде өткізу қабілеті 24 пойыздан 35 пойызға дейін жеткізілген. Шілдеден бастап Қытай бағыты бойынша «Достық-Мойынты» желісінде қосымша пойыздар жүре бастады.  

«Осылайша, теміржол түйісу пункттерінің мәселесі шешімін тапты. ҚТЖ еліміздегі бизнес өкілдерінің экспорт пен импортқа деген сұранысын толығымен қанағаттандыруға міндетті. Болашақта мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін 296 млн тоннаға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Нұрлан Ермекұлы.  

Бүгінгі таңда Қазақстандағы локомотивтер паркі 1,9 мың локомотивті құрайды. Жаңарту бағдарламасына сәйкес 2029 жылға дейін барлығы 456 локомотив сатып алу жоспарлануда. Локомотивтерді жеткізушілер – қазақстандық «Электровоз құрастыру зауыты», «Локомотив құрастыру зауыты» және Қытайдың CRRC компаниясы. АҚШ-тың Wabtec компаниясының деректері бойынша қазір Қазақстанда қолданыстағы жүрген локомотивтер заманауи және тиімді техникалар, олар болашақтың тасымал талаптарына толық сәйкес келеді.  

Қазақстанда 300-ге жуық вагон операторы жұмыс істейді. Олардың қол астында 142 мың жүк вагоны бар. Министрдің айтуынша, бұл қазіргі жүк тасымалының қажеттілігін толық қамтиды. Соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның үлесі – 41%, әрі бұл вагондар әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау бағытында белсенді қолданылады. 2029 жылға дейін жүк операторлары тарапынан 7 мыңнан астам жаңа вагон сатып алынады. Бұл жүк тасымалының өсіп келе жатқан әлеуетін сақтап, дамытуға мүмкіндік береді.  

Көлік министрі еліміздің транзиттік әлеуетіне ерекше тоқталып, Қазақстан халықаралық сауда бағыттарында орналасқанын айтты. Біздің ел арқылы 5 халықаралық теміржол дәлізі өтеді. Қазақстан бүгінгі күнде халықаралық транзиттік хаб ретіндегі мәртебесін нақты бекітті, деді министр.  

Белгілі болғандай, соңғы 10 жылда транзит көлемі екі есеге өсіп, 2024 жылы 27,4 млн тоннаны құрады. Биыл транзит көлемі 33 млн тоннаға жетеді. Ал келесі жылы 54 миллионнан асуы керек. 2029 жылдың соңына дейін транзиттік тасымал көлемін 67 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Халықаралық сарапшылардың (KPMG және PwC) болжамы бойынша, 2035 жылға қарай транзиттік жүк көлемі 100 млн тоннаға дейін өседі.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті