Басты көрсеткіш – сапа

Инфрақұрылым
28.04.2026, 09:41
Суреттерді түсірген Диас НҰРМАҒАНБЕТОВ
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Абай облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңірдегі теміржол саласына қатысты бірқатар маңызды құрылыс нысандарында болды.

Басқарма төрағасы ұзындығы 303 км болатын «Бақты-Аягөз» теміржол желісінің құрылысымен танысты. Қазіргі күндері мұнда жалпы саны 550 бірлік арнайы техника мен 814 маман жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар жаңа желі бойында Ай, Шолпан, Үржар, Бақты сынды төрт вахталық қалашық салынып, жұмыс қалыпты ырғақпен жүргізілуде.  

Осы айдың қорытындысы бойынша 34,8 млн м³ жер жұмыстарының 4,1 млн м³ орындалыпты. Басты міндет – жұмыс барысын сапаға мән бере отырып, межелі мерзім ішінде аяқтау. Бұл орайда жұмыс барысымен танысқан Талғат Сағиұлы жаңа желі бойындағы құрылыстың өндірістік қуатын одан әрі арттыруды, жұмыс қарқынын әлі де күшейтуді тапсырды.  

Мердігер ұйым белгіленген мерзімдерді сақтауды міндетіне алып отыр. Бұл келісімде де баса көрсетілген. Басқарма төрағасына жұмыс барысын баяндаған бас мердігер China Harbor Engineering Company LTD өкілдері жұмыстың белгіленген мерзімде толық көлемде орындалуына күш салатындарын жеткізді.  

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында атап өткен «Бақты-Аягөз» жаңа теміржол желісінің құрылысы еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін арттыруға, Қазақстан – Қытай арасындағы өткізу қабілетін еселеп өсіруге мүмкіндік беретін стратегиялық маңызы жоғары жоба саналады.  

Басқарма төрағасы Аягөз қаласындағы теміржол вокзалының құрылысымен де танысты. Жалпы бүгінде Абай облысында 10 теміржол вокзалы толық жаңғыртылуда. Соның ішінде Аягөз вокзалының құрылысы маңызды орын алады. Түрксіб құрылысы кезеңінде бой көтеріп, яғни 1930 жылдан бастап жұмыс істеген нысан техникалық тексерулердің нәтижесінде апатты деп танылған болатын. Қазіргі таңда ескі вокзал орнында жаңадан сәулетті ғимарат салынып жатыр. Басты ерекшелік, вокзалдың жалпы ауданы соңғы жылдары туындаған қажеттілікке орай 800 шаршы метрден 1300 шаршы метрге дейін үлкейтілді. Сонымен бірге жаңа бекет заманауи сервиске ие болмақ. Мәселен, ерекше қажеттілігі бар жолаушылар үшін жетілдірілген навигациясы бар күту залдары болады. Талғат Сағиұлы нысандағы жұмыс қарқынын жеделдетуді, сонымен бірге қажетті жағдайда қосымша еңбек күші мен арнайы техникаларды тарту қажеттігін атап өтті.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады