Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды

Инфрақұрылым
05.10.2026, 12:09

Иинтал – Алтынкөл учаскесінде Алтынкөл станциясына екінші жолды қосу бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Сигнал беру, орталықтандыру және байланыс құрылғыларын ауыстырғаннан кейін пойыздар қозғалысы екі жолмен де ашық, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жұмыстар технологиялық «толаскез» барысында орындалды. Жұмыс аяқталғаннан кейін жаңартылған учаске бойынша бірінші болып Қытайдан Алтынкөл – Қорғас шекара өткелі арқылы Алматыға жүк пойызы өтті. Көп ұзамай құрам кері бағытта да жүрді. Қозғалыс кесте бойынша қалпына келтірілді.

Екі жол бойынша да Иинтал – Алтынкөл аралығында ОМП-QZ орталықтандырудың отандық микропроцессорлық жүйесі іске қосылды.

«Екі жолда да ОМП-QZ іске қосу Иинтал – Алтынкөл учаскесінде өткізу қабілетін арттыруға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Алматы магистральдық желі бөлімшесі бастығының орынбасары Дәулет Мұқанов. 

Бұрын орындалған жұмыстарды ескере отырып, ұзындығы 298 км Жетіген – Алтынкөл теміржол желісін жаңғырту іс жүзінде аяқталды. Желіде бес жаңа бөлек пункт салынды, қолданыстағы жеті пунктте жолды жетілдіру жүргізілді. Екінші жолдар жалпы ұзындығы 32 км Жетіген – Құрөзек және Иинтал – Алтынкөл аралықтарында салынған.

Жаңғырту 2025 жылдың сәуірінде басталды. Оның негізгі міндеті – учаскенің өткізу қабілетін және транзиттік тасымалдардың өсу мүмкіндіктерін арттыру.

Алтынкөл станциясында жұмыстар жалғасуда. Жаңа инспекциялық-тексеру кешені, сұрыптау «дөңес»  және автоматты дөңестік орталықтандыру бекеті салынуда. АДО бекетінің дайындығы 90% құрайды. Сондай-ақ, 1435 мм жолтабанды қосымша төрт жолдың құрылысы аяқталуда.

Жоба толығымен аяқталғаннан кейін учаскенің өткізу қабілеті тәулігіне 33 жұп пойызға дейін артуы керек. Бұл жүктерді тасымалдауды жеделдетуге және Қазақстанның халықаралық транзиттік маршруттарды дамыту мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік береді.

«Жетігеннен Алтынкөл желісіндегі жұмыстардың аяқталуы теміржол саласы үшін маңызды нәтиже болып табылады. Алтынкөл станциясын жаңғыртқаннан кейін учаске өсіп келе жатқан транзиттік ағынды сенімді түрде қамтамасыз ете алады», - деп атап өтті Құрметті теміржолшы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Қалтай Самбетов.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады