Заманауи техниканың жұмысы өнімді

Инфрақұрылым
05.08.2020, 14:09
Асхат Райқұл

Шу ауданының тұрғындары шойын жолдың қос қапталына қоныстанғандықтан, халықтың басым бөлігінің еңбек жолы осы саламен байланысты. Тоғыз жолдың торабы Шу темір жол бекетінен ерсіліқарсылы жөңкіген жүк және жолаушы құрамдарында есеп жоқтай... 

Елу жылда – ел жаңа. Бүгінде қоғам да, уақыт та, заман талабы да өзгерді. Тәуелсіздік алып қайта түлеген ел экономикасының ілгері басуы жаңа технологияға, жаңаша сипатқа ие болып, өзгеше қарқын алды. Біз бүгін 2006 жылы құрылған Шу машиналандырылған жол дистанциясының жұмысы туралы сөз етпекпіз. Яғни, әңгіме біздің теміржолдарда адам күшін алмастырған заманауи техникалар жұмысы жайлы болмақ.

Бастапқы кезде мекеме Ресейде жасалып шығарылған өнімділігі жоғары, теміржолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізетін күрделі ВПР, ПРБ, ЩОМ жол машиналарымен жабдықталыпты. Ал бүгінде мұнда 61 жол машинасы жұмыс істейді. Оның ішінде Австриядан – 29, Ресейден – 18 және Франция өндірісінен шыққан 14 заманауи техника жолшылар игілігінде.

Сонымен қатар, алғашқы жылдары дистанцияда жұмысшы саны да 50 адамды құраса, бүгінде олардың саны 456-ға жетіп отыр. Соның ішіндегі 400-ге жуық жұмысшы жергілікті тұрғындардан құралған.

Жалпы, дистанция бес өндірістік телімге бөлінген. Бүгінгі таңда бұл мекеменің техникалық базасы жаңартылып, қуаты артқан. Теміржол телімдеріндегі бұрын қолмен атқарылып келген жанкешті еңбекті жеңілдететін, уақыт талабына сай келетін арнайы техникаларды қолдану арқылы дистанция ұжымы орташа және күрделі жөндеу жұмыстарының тиімділігін жыл сайын арттыра түсуде. Мәселен, «РМ» техникасы жол жөндеу жұмысын бастауға негіз салып, жоласты шағыл тастарын тазалап, қайта төсесе, «МФС» машиналары ластанған тастарды шығарып тастайды. Ал, «Дуомат» қондырғысы төселген жолдың астына қиыршық тасты өлшемге сай етіп төсеп, бел гілі салмақпен көтермелей ұрып нығыздайды және рельс үстінен өтетін ауыр салмақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұдан соң «ДГС» техникасы жолдың жинақылығын қалпына келтіріп шықса, ең соңынан «ПБР» жол көлігі қорытынды тазалау жұмыстарын жүргізеді.

Орташа жөндеу жұмысында тиісті көлемде шпал салынады, жол шегелері қағылады, сынған төсемдері түгелдей ауыстырылады. Одан әрі жаңа қиыршық тас төселіп, ол жолды көтермелей ұру жұмыстарымен жалғасады. Дистанциядағы жол машиналарының осындай жөндеу жұмыстарын жүргізулерінің нәтижесінде пойыздардың жылдамдығы сағатына 110-140 шақырымды бағындыратын мүмкіндікке ие болып отыр. Міне, заманауи техниканы бағындырған жолшылар еңбегінің нәтижесі осындай.

Шу машиналандырылған жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Ерлан Сайлауұлының айтуынша, дистанцияда Австрияның Линц қаласында орналасқан «PLASSER-THEURER» зауытында оқып келген білікті мамандар жұмыс істейді екен.

– Біздің қызметкерлер шет мемлекеттермен қатар, өз еліміздегі біліктілікті арттыру орталықтарында әрдайым білімдерін жетілдіріп отырады. Машинист-нұсқаушы Бақытбек Қабылбайұлы, техникалардың бабын жасайтын Ержан Халықов, «RM-80» №405 жол машинасының бастығы Нұржан Асылбаев сынды талай мамандарымыз – ортақ істің өрге басуына өз үлестерін аянбай қосып келе жатқан нағыз еңбек адамдары. Олар өздерінің бай тәжірибесін жастарға үйретуде, – дейді бөлім бастығы.

Ынтымақты ұжымды ұзақ жылдар бойы Ғани Қамбатыров басқарып келсе, үстіміздегі жылдың маусым айынан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шу машиналандырылған жол дистанциясы» филиалының директоры қызметіне Пернебек Өткелбаев келген. Тағы бір айта кетерлігі, өндірістік-шаруашылық қызметте қол жеткізген зор жетістіктері үшін Шу машиналандырылған жол дистанциясы бірнеше мәрте «Салалық жарыстың жеңімпазы» атанған. 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты